Талғар ауданы Нұра ауылдық округі бойынша 2023 жылдың
3-тоқсанына атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті , тұрақты кездесуге қатысушылар!
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығында қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыруды міндет етті.
Ендігі кезекте өздеріңізбен әр тоқсан сайын кездесіп, өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін тұрақты талқылап келеміз.
Есеп берудің мақсаты – тұрғындарды ауданымызда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси шаралар туралы хабардар ету, алдағы міндеттер мен негізгі бағыттарды айқындау.
Жеткен жетістіктермен қатар орын алған кемшіліктерді де саралау.
Нұра ауылдық округінің бюджетінің орындалуы туралы
Салық түсімі бойынша 2023 жылдың жоспары- 46 865 000 тг болса 2023 жылдың 3-тоқсанына орындалғаны – 55 148 200 тг пайыздық көрсеткіші 105 пайыз. Оның ішінде:
1.«Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша 2023 жылғы жоспар 6 млн 700,0 мың теңге, бүгінгі күнге орындалғаны 26 832 800,0 теңге түсіп 245,8 % орындалды.
2.Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық жоспар 1 300,0 мың теңге, орындалғаны 1 031 400 тг 96 % орындалды.
Ал бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы бой