Жолдар
Қайнар ауылдық округінде 327 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 174,58 км., оның: 45,08 км.- асфальт қабатымен, 129,5 км.- тас құм қабатымен. 2023 жылы Қайнар ауылдық округінен Достык ауылы Елубаев, Сұраншы батыр, Садуақасова, Жандосов, Бегелдинов, Жалайыри, Жаналык ауылы Гаухар ана, Теренқара ауылы Орталық, Набережная, Қарқара, Сактан ауылы Орталық көшелеріне маршруттық әдіспен ағымды жөндеу жұмыстарына 2 км жолға 198 млн.тг. қаражат бөлініп жолдарға афальт төселінді. Даулет ауылы Боранбай би, Қапал, Тоныкөк, Бекет ата, Алаш, Есенберлин, Бірлік көшелері, көшелеріне қиыршық тас төселінді жұмыстарына 4,5 км жолға 100 млн.тг. қаражат бөлініп жолдарға жасалды. Жалғамыс ауылының қиыршық тас төсеу жұмыстарына 1,9 км жолға қаражат қарастырылды. Ашық электронды конкурс нәтижесі бойынша «АБЗ Карьер» ЖШС мердігер мекемесі анықталды жақын арада жұмыстар басталады.
Сонымен қатар: Қайнар ауылдық округі Айғаным ықшам ауданы Алмерек көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат 193 млн. теңге қаражат қарастырылып жұмыстар басталды жұмыстар аяқталуы 31 желтоқсан 2023 жыл. Қосымша: Қайнар ауылдық округі Жандарбеков, Бейімбет, Каркара, Хакназар, Ералиева, Кожамкул Даулет ауылы, Мамыр көшесі Коктал ауылы, Отеген батыр көшесі Жаналык ауылы, Жангир көшесі Жалкамыс ауылы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) дайын. Қажет ететін қаражат 641,6 млн. теңге. Қосымша сұраныстар берілді, және Жаңалық Жалқамыс, Еламан ауылдарына қосымша жолдарды жасауаға сұраныстар берілді, қаражат бөлінуіне байланысты жасалады.
Сумен жабдықтау
2020 жылдан бастап «Еламан ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жобаның сомасы 265,8 млн.теңге. Желілердің ұзындығы 11 км. Келісім шарт бойынша жұмыстарды аяқтау 2021 жылдың желтоқсан айы. Алайда, мердігер ұйым жұмысты мерзімінде аяқтамады. Қазіргі уақытта нысан 98% - ға аяқталды. Желілерді тексеру және іске қосу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, «Қайнар ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу» ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалаушы ұйым – «Геодезия Сервис» ЖШС. Шарт сомасы-4,3 млн. теңге. ЖСҚ аяқталып, қазіргі таңда су жинау торабына арналған жер телімі ресімделіп жатыр.
Сонымен қатар, «Redline Pro» жобалаушы ұйым тарапынан «Жаңалық және Дәулет ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» жобасы жасалуда. Жаңалық ауылы үшін жобалау құны – 45,3 млн. теңге. Дәулет ауылы үшін 20,6 млн. теңге.
Су бұру
Қазіргі таңда «Дәулет ауылындағы кәрізді қайта жаңарту және салу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы ұйым – «Бiрлестiк» ЖШС. Жобалау құны – 27,2 млн. теңге.
Жарықтандыру
Көше жарықтарын тарту және күтіп ұстауға; 227 млн 091 мың теңге./округ бойынша 627 бағана, 57 кронштейн орнатылды. 24 км.арақашықта көшелер жарықтандырылды. Округ бойыншва қәзіргі таңда 2604 жарық шамдары қосылып жанып тұр.
Соның ішінде: бірінші жартыжылдықта Жалқамыс ауылына 142 жарық шамдары қойылды, Еркін ауылында 20 көшеге 313 жарық шамдары қойылды, Еламан ауылына 100 жарық шамдары қойылды. Көктал ауылы. «Айғаным» «Ай-Абылай» ықшам аудандарына 30 бағана, 57 кронштейн орнатылды. Достық ауылына 42 жарық шамдары қойылды.
Қазіргі уақытта округ бойынша 26 көшеде жарық шамдары қойылған. Жаңалық ауылында -83 бағана қойылды, Еламан,Дәулет ауылдарында жарық бағананаларын қою жұмыстары жасалуда. Қосымша Жаңалық, Жалқамыс ауылдарына 200 жарық шамдарын орнату жұмыстары жасалады.
Айғаным ықшам ауданына 2 шақырым жарық шамдарын орнату жұмыстары аяқталды, қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңбай қалған жарық шамдарын кепілдеме бойынша қайта жасалады.
Жалқамыс ауылына 4,7 шақырымға 145 жарық бағандары орнатылды. Қосымша 5 шақырым жарық шамдарын жасалу жоспарлануда.
Еркін ауылына 172 жарық бағандары орнату жұмыстары аяқталды.
Еламан ауылына 100 жарық шамдары орнату жұмыстары аяқталды.
Достық ауылына 41 жарық бағандары орнату жұмыстары аяқталды.
Екінші жарты жылдықта Сақтан, Қайнар, Жалқамыс, Еламан, Дәулет, Көктал ауылдарына жарық шамдары қойылады.
Жарық шамдарын орнату істен шығу келісім шарт бойынша 1 жылдық кепілдеме мердігерге міндеттелген сол себепті қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалады.
Газификация
Ағымдағы жылы Еламан, Қайнар, Көктал ауылдарына «Газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу жобасын» жүзеге асыру жоспарланды. Тапсырыс беруші Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Еламан, Қайнар, Көктал ауылдарының сметасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен. Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары Еламан, Көктал, Қайнар ауылдарында басталды. Жаңалық, Дәулет ауылы бойынша жеке меншік инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.