Жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы. бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
1) Қайнар ауылдық округі бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
2) Қайнар ауылдық округінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
3) бюджеттің атқарылуын мониторингілеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
4) Қайнар ауылдық округі бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
5) Қайнар ауылдық округінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
6) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
7) Қайнар ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Қайнар ауылдық округі әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
8) Қайнар ауылдық округінің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу.