Талғар ауданыныңәкімі Т. Е. Айдарбековтің 2025 жылдың 15қазаны күні Қайнар ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

Талғар ауданыныңәкімі

__________Т. Е. Айдарбеков

«__» ______ 2025 жыл

 

Талғар ауданыныңәкімі Т. Е. Айдарбековтің

2025 жылдың 15қазаны күні Қайнар ауылдық округі 

тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелерді шешу жөніндегі

ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

№

Өтініш берушінің аты-жөні,

 елдімекені

Сұрақтар

Проблемалық мәселелерді шешу шаралары

Мерзімі

Жауаптылар

1

Бисенов К.

Жалқамыс ауылының тұрғыны:

 

1.         Алпамыскөшесіндегі жаяужүргінші жолының (тротуардың)зақымдануы және жөндеу қажеттілігі.

2.      Мектеп ауласына ағаш отырғызу туралы.

3.      Байғозы көшесіндегі жол сапасы мен көше жарығының жоқтығы мәселесі.

Жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

25.12.2025 ж.

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

2

Борашбаев Б.

Жалқамыс ауылының тұрғыны

1.      Көпірге бұрылатын тұстағы ағаштарды кесу туралы (жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында).

2.      Көше жарығы үшін  жарық бағаналарын орнату қажеттілігі.

3.      Жасанды жол кедергілерін және тиісті жол белгілерін орнату.

4.      Жалқамыс ауылындағы ескі мектеп ғимаратына ауыл әкімшілігін және учаскелік полиция пунктін көшіру туралы ұсыныс.

Жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

25.12.2025 ж.

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Білім бөлімі

3

Тұрғанбаева Б.

Еламан ауылының тұрғыны

1.      Ауылға газ тартылғанымен, кейбір көшелердің тұрғындары газ жүйесіне қосыла алмай отыр. Осы мәселені шешіп беруді сұрайды.

 

2.      Молдағұлова көшесіне асфальт төсеу және көше жарығын орнату қажеттілігі.

1. Газға қосу бойынша тиісті көмек көрсетілсін.

25.12.2025 ж.

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

 

4

Турлыкова А.

Еламан ауылының тұрғыны

 

Ауыз су жүйесін қосу мәселесі

Ауыз су жүйесі құрылысын аяқтап, іске қосу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

25.12.2025 ж.

 

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

 

5

Болатбаев А.

Жалқамыс ауылының тұрғыны

1.      Ауылдағы үш көшеде ауыз су тапшылығы бар.

2.      Зират мәселесі: қазіргі зират толған, жаңа зират жерін белгілеу қажеттілігі бар.

3.      Мал шаруашылығымен айналысу үшін жер телімін сұрайды.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілсін. 

25.12.2025 ж.

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

 

Жер қатынастары бөлімі

6

Жанпейсова Г.

Еламан ауылының тұрғыны

 

1.      Астана көшесінен тұрмыстық қоқысты уақытылы алып кетпеу мәселесі.

Кестеге сәйкес қоқысты уақытылы алу бақалауға алынсын.

10.11.2025 ж.

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

7

Серік

Еламан ауылының тұрғыны

 

1.      Бөлтірік Шешен көшесіне жол салу қажеттілігі.

2. Көшеге автобус аялдамасын орнату.

2026 жылдың жоспарына енгізілсін.

2026 ж.

Қайнар ауылдық округі әкімдігі

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Талғар ауданы әкімі                                                                                                                       Н. Абдалимов               

аппаратының басшысы

Дата публикации
09 января 2026