алғар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы 9

ЖОБА

Талғар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған

туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Талғар ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құны 5 (бес) пайыз болып бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Талғар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
02 марта 2023