GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Все материалы
26 марта 2026
2026 жыл 20 наурызда «Талғар ауданы әкімінің аппарат» ММ -сі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2025 жылғы есебі туралы жария талқылауын өткізді

 

2026 жыл 20 наурызда «Талғар ауданы әкімінің аппарат» ММ -сі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2025 жылғы есебі туралы жария талқылауын өткізді

 

  Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.

  Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырудың өмір сапасы болып табылады.

 Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

  Әкімдікте мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі, халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер мен кеңес беруге,  көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта 2025 жылдың 12 айында ЕГОВ арқылы 1956 мемлекеттік қызмет  көрсетіліп, 1899 тұрғынға консультация берілді. 

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар ықпалдастырылған  «ИИС ЦОН»,  «Адресный регистр», «Е-лицензия», «Е-акимат»  ақпараттық жүйелерімен қатар электронды үкіметтің веб-порталы  қолданылады.

 Халыққа қызмет орталығына келушілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толық жағдай жасалған. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы кез-келген мемлекеттік қызметті  электронды түрде алуға, қажет болған жағдайда аудан басшыларымен онлайн қабылдау бұрышы арқылы тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік бар.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.

Қазіргі таңда аудан бойынша 63 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оларды аудан әкімдігінің 23 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді, яғни аудан әкімінің аппараты, 11 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары.

Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2025 жылдың 12 айында 67588 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде қағаз түрінде – 2381, (2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 1264, бұл 88,4% артық) (2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 59537, бұл 13,5% артық), оның ішінде жеке тұлға - 66584, заңды тұлға –1004).

Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы-25562, яғни 37,8% (ИСГО) болса, Электрондық үкімет порталы, яғни eGov.kz.(ПЭП) арқылы-44069 яғни 65,2%,

Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО, ЦОН) - "бір терезе" қағидаты бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар бойынша- 8357 яғни 12,3% пайызда мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12 тармағына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына және Талғар ауданындағы жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатындағы аудан әкімінің 2025 жыл 11 желтоқсан 06-49 өкіміне сәйкес, бақылау іс-шаралар жоспары жасалып, бкітілді. Осы бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша 12 мемлекеттік ішкі бақылау және 7 ішкі байқау жүргізілді. Сонымен қатар, 8 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында біліктілігін арттыруда оқудан өтті.

Ішкі бақылау кезінде 51 бұзушылықтар орын алып, 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды(«Талғар ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ, («Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ, «Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі,  «Нұра  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Қайнар  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі). 

        Ақпарат үшін: Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде орын алған заң бұзушылықтардың басты себептері : Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс кестесін сақтамау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметті алушылардың орналысу жерлерінде және мемлекеттік корпарацияда мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі мен олардың толтыру нысандарының үлгілерінің болмауы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыратындығы, мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету  сақтамалмаған.

 Аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін қызметтердің ережесі «Электрондық үкімет» порталына кіруге белсенді сілтемелер, қызмет алушыларға кеңес беру үшін қызмет көрсетушілердің байланыс деректері, мемлекеттік қызметтердің тізімдері орнатылған.

 Сонымен қатар, «Алатау Жұлдызы», «Іле шыңы»,   газеттерінде 50ге  мақалалар, 14 тікелей эфирлер, жеке парақшаларында 28 видеороликтер жарияланды, аудан әкімдігінің 11 бөлімі және Талғар қаласы мен 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараты өздерінің жеке парақшаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жарияланымдар шығарылды.

 Аудандық Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша  4 - шара ұйымдастырып, мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша жеке тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізді. Алайда, нақты ұсынымдар болмады. Осы жылдағы шараларға мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартудағы орын алған кемшіліктерді жою керектігін, ауыл тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешілуін және арыз-шағымдарына уақытысында жауап берулеріне т.б мәселелер бойынша айрықша көңіл бөлу керектігі басты назарда болатыны ескеруіміз қажет.

          Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнату мәселесі еліміздегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында анық көрсетілген. Сондықтан олардың қоғаммен етене араласып, қажетті нысандарға емін – еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті болып табылады. Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Көпшілік мекемелерде пандус орнатылғанымен талапқа сай жасалмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігіне сай жағдай жасау – баршамаздың міндетеміз.

        Мүгедектерге арналған пандустарды орнату кезінде олардың қауіпсіздігі мен пайдаланудың ыңғайлылығына ерекше назар аударылады.

        Талғар ауданы бойынша 2025 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсетуде туындаған мәселелер мен кемшіліктерді қарау жөніндегі ведоствоаралық комиссияның жұмысы бойынша 15 мемлекеттік органдарға тексеріс жүргізілді.

        Тексеріс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау бойынша арнайы жұмыс тобының ұсыныстары мен кемшіліктерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Жұмыс тобының нәтижесінде көрсетілген кемшіліктерді және бұзушылықтар туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.

         Мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

         Сонымен қатар, қазіргі уақытта 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу процесі іске қосылды.

        Жылжымайтын мүлікке техникалық құжат пен жер учаскесі актісін бір құжатқа, яғни кадастрлық төлқұжатқа біріктіру – негізгі өзгерістің біріне айналды.

      ЖМБМК заманауи цифрлық экожүйесі екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және платформалармен интеграциялану арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етті. Айта кету керек, ЖМБМК еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып саналып, азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді ашады.      

        Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.

        Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.     

 

 

20 марта 2026
ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ГҮЛДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

🔹 ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ГҮЛДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ 🔹

20 наурыз күні Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Гүладала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

📍 Өтетін орны: Кіші Байсерке ауылының №40 орта мектебінің мәжіліс залы
🕚 Уақыты: 16:00

Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалады.

Барша округ тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!

11 марта 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті Кіші Байсерке ауылының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 16-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 5 және 8-тармақтарына, сондай-ақ мәслихатпен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентіне сәйкес, 2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 11:00-де жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.

Жиынның күн тәртібінде: Гүлдала ауылдық округіне қарасты Кіші Байсерке ауылдын шекарасын белгілеу мәселесі қаралады.

Аталған мәселе бойынша тұрғындардың пікірін ескеру мақсатында өтетін жиынға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.

Өтетін орны: Кіші Байсерке ауылы, Абай көшесі №170А, №40 ЖББМ  акт залы.

04 марта 2026
Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды

Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды

Бүгінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін бейнеқоңырау форматында 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2025 жылы бұл сервис арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданғанын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Бейнебайланыс нақты уақыт режимінде жұмыс істейді: оператор бейнеқоңырау арқылы кеңес береді, құжаттарды толтыруға көмектеседі және өтінішті онлайн қабылдайды. Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минутты құрайды, бұл көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді.

Бейнеқоңырау арқылы 79 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың қатарында соттылығы туралы анықтама алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу және көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау сияқты қызметтер бар.

Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын ашып, «ХҚКО қызметтері» бөліміне өтіп, «Бейне қызметі» бөлімшесін таңдап, «Бейне қоңырауға өту» батырмасын басу қажет. Оператор кеңес беріп, өтінішті рәсімдейді, ал нәтижесін қосымшадағы чат арқылы немесе дайын құжатты ХҚКО бөлімшесінен алуға болады.

Бейнеқызмет шалғай елді мекендердің тұрғындарына және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сервис мемлекеттік қызметтердің цифрлық трансформациясының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде басты назар азаматтарға ыңғайлы әрі сапалы қызмет ұсынуға бағытталған.

 

03 декабря 2025
Жаңа рекорд: Алматы облысының мемлекеттік бюджетке түсімдері 1 трлн теңгеден асты

Жаңа рекорд: Алматы облысының мемлекеттік бюджетке түсімдері 1 трлн теңгеден асты

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы өзінің тарихында алғаш рет мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша 1 трлн теңгеден астам қаржы түсірді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жағдайы бойынша – 915,1 млрд теңге).

Жергілікті бюджетке түсімдердің айтарлықтай артқаны байқалады: өңірдің меншікті кірістері 566,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы деңгейден 98 млрд теңгеге немесе 20,9%-ға көп болды (468,9 млрд теңге).

Республикалық бюджетке түсімдер 452,8 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 6,6 млрд теңгеге немесе 1,5%-ға жоғары болды (446,2 млрд теңге).

Егер, 2021 жылмен салыстырғанда (сол жылы түсімдер көлемі 663,4 млрд теңге болған), жалпы өсім 356,2 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде республикалық бюджетке түсімдер 106,7 млрд теңгеге, жергілікті бюджетке түсімдер 249,4 млрд теңгеге артқан.

Анықтама үшін:
2022 жыл — 780,1 млрд теңге (РБ — 384,0; ЖБ— 396,1 млрд теңге);
2023 жыл — 888,6 млрд теңге (РБ — 488,3; ЖБ— 400,3 млрд теңге);
2024 жыл — 997,6 млрд теңге (РБ — 477,0; ЖБ— 520,5 млрд теңге).
Бұл оқиға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды кезеңі болып, салық базасын кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдеп отыр.

09 октября 2025
🔹 Аудан әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі 🔹

🔹 Аудан әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі 🔹

🗓️ 10 қазан 2025 жыл
🕰️ 11:00
📍 Гүлдала ауылы
№21 Орта мектеп Кичиков көшесі 57

🗓️ 10 қазан 2025 жыл
🕰️ 15:00
📍 Панфилов ауылдық округі Төңкеріс ауылы
№43 Орта мектеп Самал көшесі 32/1

Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Гүлдала және Панфилов ауылдық округінің тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізеді.

‼️ Кездесу барысында округ тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қоя алады.

16 сентября 2025
Сіздерді 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.

Сіздерді 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін

Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.

 

Іс-шараны өкізудің мақсаты:қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.

Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.

Өткізу орны: Қонаев қаласы, Жамбыл к-сі. 13, Қонаев қаласының мәдениет үйі.

03 июля 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ
«ҮЛГІЛІ АУЫЛ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен және Алматы облысы мәслихатының шешімімен бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Алматы облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты – ауылдық аумақтарды дамытуға ынталандыру, экологиялық мәдениетті арттыру және азаматтық белсенділікті қолдау.
Міндеттері – ауылдың экологиялық жай-күйін жақсарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар мен кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Конкурс екі кезеңде өтеді:

  • I кезең – аудандық (1 маусым – 10 тамыз аралығы). Аудандық комиссиялар жеңімпаздарды анықтап, оларды облыстық кезеңге ұсынады.
  • II кезең – облыстық (1 қыркүйек – 15 қараша аралығы). Бұл кезеңде облыс көлеміндегі үш үздік ауыл анықталады.

Бағалау критерийлері:

  • Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары;
  • Экологиялық жағдай;
  • Республикалық және жергілікті экологиялық акцияларға қатысу;
  • Ауылдық туризмді дамыту және инвестиция тарту;
  • Инфрақұрылымның дамуы және тұрғындардың белсенділігі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Конкурс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар, соның ішінде абаттандыру техникасы табысталады.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы қараша айында өтеді.

Конкурсқа қатысу – бұл өз ауылыңызды көркейтуге және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу мүмкіндігі!

Қосымша ақпаратты аудан әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінен алуға болады.

 

 

19 июня 2025
Талғар ауданында сел қаупі бар маусымы өтуде

Талғар ауданында сел қаупі бар маусымы өтуде

 

Селден, көшкін-қауіпті кезеңнен өту кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық жүргізу мақсатында Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлері кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Селге, көшкінге қауіпті және ықтимал қауіпті өзен учаскелеріне, қорғаныс бөгеттеріне, су қоймаларына және гидротехникалық құрылыстарға бақылауға алынды. Күн сайын "Қазселденқорғау" ММ ИАТЭУ және ЖАТЭУ-Мен және Талғар ауданының "Талғирригация" Су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп аудан аумағындағы өзендер мен су объектілеріндегі, сел қаупі бар және көшкін қаупі бар учаскелердегі судың жай-күйі мен деңгейіне, сондай-ақ қар қорының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Сел қаупі бар бағыттарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында хабарлама-ұсынымдар берілді. Ықтимал сел қаупі бар жерлерде жазғы кезеңде биік таулы гидробекеттер тасталады: үлкен алаңқай бекеті –Сол Талғар өзені, альпілік лагерь бекеті – орта Талғар өзені, Үлкен кілт бекеті – Сол Талғар өзенінің саласы.

​- қолайсыз ауа райы жағдайларында (мол жауын-шашынның жаууы) жергілікті атқарушы органдарға ауылдағы халықтың қол жетімділігін шектеу және көшкін-қауіпті учаскелер (таулы жер) туралы ұсыныстар уақтылы енгізіледі.;

​- төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауына жедел ден қою үшін азаматтық қорғау күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді;

 

 Алматы облысының Баспасөз қызметі

 

 

 

 

19 июня 2025
Шомылу маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз!

Шомылу маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз!

 

Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлері күн сайын су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша кең ауқымды іс-шараларды жүргізеді. Еріктілерді тарта отырып, полиция қызметкерлерімен күн сайын адамдардың шомылатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі, жадынамалар таратылады, жиындар мен аралау, шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізіледі.

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! Шомылу маусымы қызу жүріп жатыр! Шомылу маусымында суда абай болыңыз!

Судағы қауіпсіздіктің 7 негізгі ережесін оқып, есте сақтаңыз:

  1. тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты бар және құтқарушылар бар шомылуға арналған басқа да орындарда шомылыңыз;
  2. жүзуді білмей, суға белден жоғары кірмеңіз;
  3. шомылу кезінде жоғалтпаңыз бірін-бірі түрі;
  4. жағалаудан алыс емес жерде, қоршаулар мен қалқалар үшін жүзбеңіз;
  5. су маңындағы балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  6. түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
  7. қайықтар мен көпірлерден суға секірмеңіз.

   Талғара ауданының ТЖБ

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы