09.02.2023 ж. Гүлдала ауылы
сағат 11-00 Гюзель кафесінің ғимараты
Гүлдала ауылының
тұрғындарымен өткен жиын
Жиналыс жүргізушісі: М.Маханбеткали округ әкімі;
Жиналыс хатшысы: Б.Бекболат әкім аппаратының бас маманы;
Қатысқандар:
Жергілікті мекеме өкілдері;
Ауыл тұрғындары - 34 адам.
Бастапқы сөз: Гүлдала ауылдық округі бас маманы, модератор Б.Бекболат:
Сәлеметсіздерме, Құрметті бүгінгі кездесуге қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190-ші «Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесуін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында бүгін ауыл әкімі Мақсат Маханбеткалидың халық алдындағы есеп беру кездесуі Гүлдала ауылында өтіп отыр. Шақырылғандардың барлығы келді. Сондықтан әкімінің есеп беру жиналысын ашық деп жариялаймын.
КҮН ТӘРТІБІ:
Төмендегі жұмыс тәртібі мен реті ұсынылады:
баяндамашыға - 15 минутқа дейін;
сөз сөйлеушілерге - 2-3 минутқа дейін.
Қатысушылар тарапынын регламент бойынша басқа ұсыныстар түскен жоқ.
-Сөз, баяндама жасау үшін, ауыл әкімі Мақсат Маханбеткалиге беріледі.
ТЫҢДАЛДЫ:
Гүлдала ауылдық округінің әкімі Мақсат Маханбеткалидың Гүлдала ауылы тұрғындары алдындағы 2022 жылғы атқарылған жұмыстары қорытындысы және 2023 жылға міндеттері туралы баяндамасы.
Баяндама барысында округ әкімі М.Маханбеткали Гүлдала ауылдық округінің төлқұжаты, құжатайналым, салық, бюджет шығындары, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, ауыз су, автомобиль жолдары, ономастика, білім беру мен денсаулық сақтау, жұмыссыздықпен күрес және жұмыспен қамту, қайырымдылық шаралары, мемлекеттік қызмет көрсету, санитарлық тазалық, қоғамдық тәртіп бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып
және алдағы атқарылатын мақсат-ойлармен, жоба – жоспарларына тоқталды.
Модератор: Баяндама аяқталды. Сөз сөйлеушілерге сұрақты ауызша, немесе жазбаша түрде беруге болады. Баяндамаларды талқылауға көшеміз.
Сөз сөйлеушілер бар ма?
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
- орталық көшеміз Кичикова состояниесы өте нашар сол қашан жасалады екен?
-Мақсат Маханбеткали, Гүлдала ауылдық округінің әкімі: «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы бойынша биыл 575 475,0 теңге сомасына ұзындығы 5,2 км Гүлдала ауылында Кичиков, Абылайхан, Мақатаев, Б.Момышұлы көшелері орташа жөндеу жұмыстары жасалынады.
- 2019ж. «BekAIR» самалеты құлағалы бері осы ауылды көп үйлер заңдаспай жатыр соны қалай істеймзі қашан заңдастыру басталады?
- Мақсат Маханбеткали, Гүлдала ауылдық округінің әкімі: Республиканская СЭС аэропорттың охранная зонасын бекіту керек. Ал қазір олар аэропорт ауласының қоршауын 60м жылжыту туралы қарастырып жатыр. Және де ол жердегі 49 үй иеслеріне не үйдің ақшасын өндіру сұрақтары қаралып жатыр. Сол үшін бұл сұрақ әлі біздің бақылауда тұр.
Талғар аудандық ветеринар маманы Сарсенбаев Жомарт:
- ит аулау уақытылы аптасына 1 реттік кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр, сіздер алдын ала звондап айып қойсаңыздар, ауланып жатыр барлығы. Тек иттер тұрақты мекенсіз болғандықтан ит аулаушылар келгенде қашып кетеді. Соны ескерсеңіздер.
Модератор Б.Бекболат: басқа сұрақтарыңыз болады ма? – жоқ.
Құрметті кездесуге қатысушылар! Гүлдала ауылдық округі әкімінің 2022 жылы атқарған жұмыстарын «қанағаттанарлық» деп тану туралы ұсыныс түсті. Басқа ұсыныс түскен жоқ. Ауылдық округі әкімінің есеп беру мерзіміндегі жұмыстарын «қанағаттанарлық» деп танылсын дегендеріңіз дауыс берулеріңізді сұраймын.
Қарсы? Қалыс? - Жоқ.
Бірауыздан «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
Күн тәртібінде енгізілген мәселе қаралды.
ШЕШІМІ:
3.Жиналыс барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру шараларын әзірлеу ауылдық округі әкімі аппаратына жүктелсін.
Кездесудің соңында модератор, Гүлдала ауылдық округінің бас маманы Б.Бекболат жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, қалған сұрақтар болса қағаз жүзінде немесе инстаграм мессенжі арқылы қалдыруға болатынын жеткізіп, жиналысты «жабық» деп жариялады.
Төраға М.Маханбеткали
Хатшы Б.Б.Бекболат