Алматы облысы Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынының №_16_ХАТТАМАСЫ

Алматы облысы Талғар ауданы,  Гүлдала ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынының  

№_16_ХАТТАМАСЫ

 

Гүлдала ауылы                                                                       30 қазан 2023 жыл                                                                                                    сағат 12:00

 

Жиналсы өтетін орын: «Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында.

 

Жиналысқа қатысқандар:

Гүлдала ауылдық округінің әкім орынбасары – М.Азилкияшева;

Гүлдала ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдері – 22 адам.

Гүлдала ауылдық округі әкімінің орынбасары  – М.Азилкияшева:

Жиналысытың регламенті бойынша бүгінгі күнгі жиналыстың төрағасы мен хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлап алсақ қалай қарайсыздар?

Керимов Турган Курбанович – жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Төрағаға  Курбанов Абдурахим Абдукеримович ұсынамын.

Гүлдала ауылдық округі әкімінің орынбасары – М.Азилкияшева:

Төраға етіп Курбанов Абдурахим Абдукеримович дауыс беруге барлықтарыңыз бір ауыздан келісесіздер ма? Дауыс беріңіздер!

Қарсы дауыс бергендер – жоқ.

Қалыс қалғандар – жоқ.

          Ұсыныс бір ауыздан қабылданды

Курбанов Абдурахим Абдукеримович – жергілікті қоғамдастық мүшесі.

         Хатшыға Абдраймова Жанискул Айтбаевнаны  ұсынамын.

Гүлдала ауылдық округінің әкім орынбасары – М.Азилкияшева

Хатшы етіп Абдраймова Жанискул Айтбаевнаға қаншаңыз дауыс бересіздер? Дауыс беріңіздер!

Қарсы дауыс бергендер – жоқ.

Қалыс қалғандар – жоқ.

          Ұсыныс бір ауыздан қабылданды

 

Жиналыс төрағасы: Курбанов А.А.- Жергілікті қоғамдастықтың мүшесі

Жиналыс хатшысы: Абдраймова Ж.А..- Жергілікті қоғамдастықтың мүшесі.

 

Күн тәртібінде: Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа қаланың құрылуына байланысты Талғар ауданының шекарасын өзгерту туралы

 

Тыңдалды: Гүлдала ауылдық округ әкімінің орынбасары – М.Азилкияшева

Құрметті жергілікті қоғамдастық мүшелері бүгінгі қоғамдастық жиналысын ашық деп жариялаймын! Бүгінгі отырыста Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа қаланың құрылуына байланысты Талғар ауданының шекарасын өзгерту туралы мәселесі көтеріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 817 «Алматы облысында «G4 City» қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың (мастер-жоспар) тұжырымдамасын мақұлдау туралы»Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулысына сәйкес G4 – Алматы–Өскемен республикалық тас жолы бойында, Алматы–Қапшағай телімінде орналасатын, құрылымдық жағынан біріктірілген төрт бірегей заманауи ақылды қала салынғалы жатыр.

Жобаның негізгі міндеті – бизнестің қарқынды дамуына және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған, Алматы мегаполисінің жаңа ақылды қалаларын салу. Жоба іске қосылған сәттен бастап сегіз жылдың ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) арқылы үлкен жұмыс атқарылды. Идеяның туындауынан бастап, алғашқы құрылыс салушының барлық коммуникациялармен қамтамасыз етілген алаңға шығуына дейінгі жол жүріліп өтті. 

Жобаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар бір уақытта, МЖӘ аясында салынған әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысандар да беріледі. 

 Жобалы аймаққа Талғар ауданы аумағынан Қайнар ауылдық округінен-2717 га, Нұра ауылдық округінен-8619 га, Тұздыбастау ауылдық округінен -717 га жер телімдері беріледі. Берілетін жер телімінің жалпы көлемі- 349812 га жер телімі беріледі.

Сондықтан Сіздерден осыған байланысты өз пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар!

Сөз сөйлегендер: Б.Абдулина – жергілікті қоғамдастық мүшесі Гүлдала ауылынан.

Қала салынғалы жатқаны жақсы. Қарсылығымыз жоқ

А.Кунешбаев – жергілікті қоғамдастық  мүшесі Кіші Байсерке ауылынан.

Талғар ауданының шекаралары өзгеруіне ешқандай қарсылығымыз жоқ. Шекаралары бекітілсін деген ұсынысты дауысқа салайық.

Шешімді қолдап дауыс берген жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелері – 22 адам.

Қарсы дауыс бергендер – жоқ.

Қалыс қалғандар – жоқ.

Ұсыныс бір ауыздан қабылданды.

Жиналысқа қатысушылардың пікірлерін тыңдай келе келесідей шешім қабылданды:

Жиылыс шешімі:

1.Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа қаланың құрылуына байланысты Талғар ауданының шекарасын өзгерту  назарға алынсын.

 

Жиылыс төрағасы                                                        А.Курбанов

 

Жиылыс хатшысы:                                                      Ж.Абдраймова

                                                                                                              

                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»                                                                            «Бекітілді»

Жергілікті қоғамдастық                         Гүлдала ауылдық округінің

жиналысының  №16 хаттамасы            әкімі

«30» қазан  2023 жыл                            _________ М.Маханбеткали

                                                                              «30» қазан  2023 жыл                

 

Гүлдала ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық

мүшелерінің тізімі

  1. Курбанов Абдурахим Абдукеримович, с. Гульдала, Толе би №29
  2. Абдулина Баян Даутовна- Гулдала, Альфараби №63
  3. Кунешбаев Абилашим Сагатович-Киши Байсерке, Абылай хан ,110
  4. Алаева Алия Юсуповна-Гулдала, Кичикова ,253
  5. Найманбаева Бижамал Абдыгалиевна-Гулдала, Яссауи№5
  6. Талипова Рашидам Домуллаевна-Гулдала,Кунаева 62/4
  7. Тохтиева Ашибуви Тураповна-Гулдала, Жамбыла,6
  8. Коныратов |Айдар Боранбекович-Гулдала, Альфараби № 29 а
  9. Мансуров Рахматулла Зунунович-Гулдала, Абылай хана, 22
  10. Бакиев Смаил Турсунович- Гулдала,Уалиханова №11
  11. Абдраймова Жанискул Айтбаевна-Гулдала, Толе би № 52а
  12. Темирбекова Сауле- Гулдала, Казыбек би №39
  13. Кусайнова Роза Екпинбаева-Киши Байсерке, Кунаева№50
  14. Керимов Турган Курбанович-Гулдала, Райымбек батыра, 4
  15. Мамтлиев Инхамжан Аблхасанович- Гулдала, Уалиханова №15
  16. Коверник Наталья Викторовна-Гулдала , Әльфараби 48
  17. Городинская Валентина Георгиевна-Киши Байсерке, Жамбыла 24/2
  18. Айдымбаева Айнагуль Елюбаевна-Киши Байсерке,Кунаева№90
  19. Подрезова Надежда Николаевна-Киши Байсерке, Кунаева№72
  20. Шакиров Арслан Арипжанович-Гулдала, Жамбыла ,16
  21. Розбахиева Разиям Мунаровна-Гулдала,Қобыланды батыр№26
  22. Сайлаубаев Максат Куатович-Гулдала,Сүйінбай №48

 

 

                     Төраға                                                   А.Құрбанов

 

                   Хатшы                                                              Ж.Абдраймова

 

 

Дата публикации
04 марта 2024