Газдандыру
Газбен қамтамасыз етумен «Жетісу-Газ-Құбыры» ЖШС айналысады. Бесқайнар ауылдық округі газдандырумен - 78% қамтылды.
Сумен жабдықтау
Бесқайнар ауылдық округінің сумен жабдықтауымен «Талғар Су» ШЖҚ МКК айналысады. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 14 км құрайды.
"Бесқайнар ауылында су жинау құрылыстарын реконструкциялау және ұңғыманы бұрғылау" ЖСҚ әзірленді, (26.12.2023 ж. № TGKZ-0044/23), талап етілетін сома 430,760 млн. теңге, бюджеттік өтінім берілді, қаражат бөлінбеді.
Қаржыландыру мәселесі Алматы облысы мәслихатының сессиясында қаралатын болады.
Абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары
Бесқайнар ауылдық округіндегі 2023 жылға ағаштарды санитарлық және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу бойынша жұмыстар атқарылды. Жұмсалған қаражат соммасы 505 мың теңге. Атқарушы мердігерлік ұйым «Brothers company 2023» ЖШС.
Ауылдық округіндегі көше және үйлер маңындағы қоқыстардан тазалау жұмыстарын ауылдық округ әкімдігінің қоғамдық жұмыскерлерімен тазаланып абаттандырылып отырылуда.
ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Бесқайнар ауылдық округінде орналасқан (Мақатаев, Іле, Сатпаев, Мичурина, Абай, Сағырбеков, Жамбыл және Қотырбұлақ ауылы, Жамбыл) көшелеріне 124 дана жарық шамдары орнатылды, жұмсалған қаражат 13 млн 615 мың теңге
Бесқайнар ауылдық округінде жарықтандыру 100% көрсеткішті құрайды.
Жолдар
Бесқайнар ауылдық округінде 20 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 9,06 км., оның: 7,74 км. – асфальт, 1,32 км. - тас құм төселінді.
2023 жылы Бесқайнар ауылдық округінің Бесқайнар ауылы Мира, Веселая, Садовая (арықпен) көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарына 30,5 млн.тг бөлінді 1,5 км жол жөнделді. Мердігер мекеме "Алматы жолдары" ЖШС. Жұмыстар толық аяқталды.
Бесқайнар ауылының Жамбыл көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды, жұмсалған қаражат 1 млн 400 мың теңге. Жеке кәсіпкер «Даур групп»және арық жүйесі орнатылды, жұмсалған қаражат 2 млн 540 мың теңге. Жеке кәсіпкер «Смаилов».
Қотырбұлақ ауылының Жамбыл көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды, жұмсалған қаражат 4 млн 465 мың теңге қаражат жұмсалды. Мердігерлік ұйым «Каз Транс Строй».
Тәуелсіздік көшесін жаяу жүргіншілер жолы салынды жұмсалған қаражат 1 млн 451 мың 864 теңге. Мердігерлік ұйым «Тұрғын үй».
Д.Қонаев көшесіне арық жұйесі орнатылды, жұмсалған қаражат 3 млн 129 мың теңге қаражат жұмсалды. Жеке кәсіпкер «BAKKELDI».
Жолаушылар тасымалы
Жолаушылар тасымалымен 2 автобус марштруттары жұмыс істейді. 210 және 209.
Алматы –Ой карагай бағытымен жүретін № 210 автобус маршруты қызмет көрсетеді. Электрондықбилет жүйесі жұмыс істейді (100 теңге)
Алматы – Пионер бағытымен жүретін № 209 автобус маршруты аптасына 3 күн (жұма, сенбі, жексенбі) күндері қызмет көрсетеді. Электрондықбилет жүйесі жұмыс істейді (300 теңге).
Алматы қаласы мәслихатының бюджетімен бекітілгеннен кейін №209 автобусы күн сайын жүретін болады.
Құрылыс
Бесқайнар ауылының мұсылман және христиан бейіттерін қоршау жұмыстары жүргізілді, қоршау аумағы 2 га жұмсалған қаражат 8 млн 200 мың теңге. Жеке кәсіпкер «ABADAN COMPANY»