2023-ші жылға арналған жоспар бойынша барлығы 108 млн. 636 мың теңге бөлінді:
Оның ішінде:
- әкім аппаратын ұстап тұруға - 4 млн. 4 мың. теңге;
- елді мекендерді жарықтандыруға - 21 млн. 876 мың теңге;
- елді мекендерді санитарлық қамтамасыз етуге - 1 млн 581 мың теңге;
- елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға - 21 млн. 096,0 мың теңге;
- жолдарды күтіп ұстауға – 9 млн. 144 мың теңге;
- өңірлерді дамыту бағдарламасын асыруға – 1 млн 400 мың теңге.
Жыл аяғына дейін 108 млн 150 мың теңге игерілді.
2023 жылы мелекеттік сатып алу бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
- Бесқайнар ауылының Жамбыл көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды, жұмсалған қаражат 1 млн 400 мың теңге. Жұмысты жүргізген жеке кәсіпкер «Даур групп»;
- арық жүйесі орнатылды, жұмсалған қаражат 2 млн 540 мың теңге. Жұмысты жүргізген жеке кәсіпкер «Смаилова».
- Қазан айында Қотырбқлақ ауылының Жамбыл көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды, жұмсалған қаражат 4 млн 465 мың теңге . Жұмысты жүргізген мердігерлік ұйым «Каз Транс Строй» ЖШС.
- Тәуелсіздік көшесін жаяу жүргіншілер жолы салынды жұмсалған қаражат 1 млн 452 мың теңге. Жұмысты жүргізген мердігерлік ұйым «Тұрғын үй» ЖШС;
- Д.Қонаев көшесіне арық жұйесі орнатылды, жұмсалған қаражат
3 млн 129 мың теңге қаражат жұмсалды. Жұмысты жүргізген жеке кәсіпкер «BAKKELDI»;
- Сәуір айында Бесқайнар ауылдық округінде орналасқан ( Мақатаев, Іле, Сатпаев, Мичурина, Абай) көшелеріне барлығы 59 жарық шамдары орнатылды, жұмсалған қаражат 3 млн 439 мың теңге. Жұмысты жүргізген жеке кәсіпкер «Safi brand»;
- Сәуір айында Бесқайнар ауылы Сағырбеков көшесіне 10 жарық шамдары орнатылды, жұмсалған қаражат 624 мың теңге. Жұмысты жүргізген жеке кәсіпкер «Скоков»;
- Желтоқсан айында Бесқайнар және Қотырбұлақ ауылдарының Ж.Жамбыл көшелеріне жарықтандыруға арналған 55 бағана орнатылды. Жұмсалған қаражат 10,0 млн теңге. Жұмысты жүргізген мердігерлік ұйым «Град Construction» ЖШС;
- 2023 жылға ағаштарды санитарлық және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу бойынша жұмыстар атқарылды. Жұмсалған қаражат 505 мың теңге. Атқарушы мердігерлік ұйым «Brothers company 2023» ЖШС.
- Бесқайнар ауылының мұсылман және христиан бейіттерін қоршау жұмыстары жүргізілді, қоршау аумағы 2 га жұмсалған қаражат 8 млн 200 мың теңге. Жұмысты жүргізген жеке кәсіпкер «ABADAN COMPANY»;
- Бесқайнар ауылдық оркругі бойынша арам өсімдіктерді шабу бойынша жұмыстары жүргізілді. Жұмсалған қаражат 1 млн 186 мың теңге. Атқарушы жеке кәсіпкер «Мединиева».