Электрмен жылу және су жүйесі:
Бесағаш ауылында 288 трансформаторлық қосалқы станция бар. Барлығы ауылдың ішінде орналасқан. Оның 35-і Алматы Жарық компаниясына тиесілі, 253 трансформатор жеке меншікте.
Бесағаш ауылдық округінің газбен жабдықталуын «Жетісу-Газ-Құбыры» жауапкершілік шектеулі серіктестегі айналысады.
Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш және Ақбұлақ ауылдары бар. Бесағаш ауылдық округінде бойынша 4179 аула бар, оның 3758-і табиғи газ құбырына қосылған, қалған 421 аула қатты отынмен көмірмен жағады.
Бесағаш ауылдық округі бойынша орталық газ құбырына № 28,29 орта мектептері, № 45 мектеп-гимназиясы, 1 дәрігерлік амбулатория қосылды, барлық жылу желілері орталық газ құбырына қосылды.
2021 жылы Бесағаш ауылындағы Чехов көшесі 9, 9а, 9/1 және АКНМ ықшам ауданында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлерге блок-модульді қазандықтар орнатуға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылының су жүйесінің күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына 475 млн. 41 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жұмыстарды «Мад» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жұмыстары аяқталды.
Бесағаш ауылдық округінің шығыс бөлігінде «Алматы облысы Талғар топтық су тартқышты қайта жаңарту және салу» жобасы бойынша ЖШС «Көлстрой »мекемесі ауыз су жүйесін жүргізді.
Жол жөндеу және жарық:
Бесағаш ауылдық округінде 2022 жылы Алпамыс, Күлтегін көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп асфальт төселінді.
Облыстық бюджеттен Талғар ауданы Бесағаш ауылы Орынтай ықшам ауданының электрмен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 8 млн 140 мың теңге бөлінді. Қазіргі кезде күрделі жөндеу жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары аяқталу тұсында.
Жол картасы бағдарламасы бойынша Бесағаш ауылы жалпы ұзындығы 1620 метрге Хамраев, Ш.Айманов, Жұмабаев көшелеріне 54 дана түнгі жарықтандыру бағаналары қойылады. Қазіргі таңда 35 түнгі жарықтандыру бағаналары қойылған.