СУ ЖҮЙЕСІ
Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын ауыз сумен РММ «Нұра топтық су құбыры» Алатау филиалы қамтамасыз етуде. Округ бойынша қолданыста 8 су тарату колонкалары, 4 су резервуары, 5 тұндырғыш бар.
«Талғар топталған су тартқышының құрылысы және қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында «Ақ жол» ЖШС мекемесімен Белбұлақ ауылында 2018 жылдан бастап республикалық бюджеттен 524 млн 760 мың теңге бөлініп, жаңа су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 51 км жаңа су құбырлары тартылды. Бүгінгі күні Белбұлақ ауылында абоненттерді жаңа су құбырларына қосу жұмыстары жүргізілуде.
01.10.2022 жылы басталған Талдыбұлақ ауылында 24 км, Бірлік ауылында 18 км жаңа су құбырларын тарту жұмыстары жүргізулуде. Аталған жұмыстарды бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС мекемесі атқаруда.
Талдыбұлақ, Бірлік, Белбұлақ ауылдарының сумен жабдықтау жобасына кірмеген массивтері үшін жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады. Осы іс-шаралардан кейін ЖСҚ әзірлеуге өтінім беріледі.
ГАЗ ЖҮЙЕСІ
2011 жылдан бастап Белбұлақ ауылдық округін газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісу Газ Құбыры» ЖШС мекемесі тұрғын үй, мекеме, шаруашылық нысандарды газдандыру жұмысымен айналысып келеді. Бүгінгі күні Белбұлақ ауылы бойынша 52 500м, Талдыбұлақ ауылы бойынша 14 360м, Бірлік ауылы бойынша 15 370м газ желілері тартылған. Округ бойынша 3766 абонент газбен қамтылған. Оның ішінде Белбұлақ ауылында - 2247 үй, Бірлік ауылында – 644, Талдыбұлақ ауылында – 875 үй газдандырылған.