Құрметті ауыл тұрғындары !
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қортынды есебіне жиналып отырмыз.
Өздеріңізге мәлім болғандай Белбұлақ ауылдық округіне 3 елді мекен кіреді. Олар: Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдары.
Округтің жалпы жер көлемі 52307 га, халық саны - 22355 адам, оның ішінде: Белбұлақ ауылында - 10198, Бірлік ауылында - 4252, Талдыбұлақ ауылында – 7905 адам тіркеуде.
Тіркелген аула саны: 4507, Белбұлақ ауылында – 2617 аула, Бірлік ауылында - 747 аула, Талдыбұлақ ауылында – 1143 аула.
БЮДЖЕТ
2022 жылға арналған жоспар бойынша барлығы 156 млн 783 мың теңге бөлініп, оның ішінде:
- Әкім аппаратын ұстап тұруға – 72 млн 179 мың теңге;
- Елді мекендерді жарықтандыруға- 29 млн мың теңге, оның ішінде:
- Жарық бағаналарын ұстап тұруға – 1 млн 500 мың тенге;
- Жұмсалған электр жарығының төлемақысына -9 млн 536 тенге;
- Жарық бағаналарын орнату жұмыстарына - 17 млн 964 мың теңге.
-Санитарлық қамтамасыз етуге – 9 млн 549 мың теңге, оның ішінде:
- Арық жүйелерін тазалауға – 6 млн 800 мың;
- Қоқыс үйінділерін тазалауға – 2 млн;
- ҮАК бойындағы қоқыстарды тазалау жұмыстарына – 749 мың теңге.
- Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына - 19 млн 992 мың теңге, оның ішінде:
- Жобалау-сметалық құжаттарды дайындау /түзету, есептеу, жасау/ - 1 млн 510 мың теңге;
- Белбұлақ ауылдық округінде жол белгілерін орнату және дайындау жұмыстарына - 2 млн теңге;
- Талдыбұлақ ауылы Бірлік-Ақбұлақ тас жолының бұрышында және Белбұлақ ауылдық округінің жолдарының бойында жасыл желектерді суару бойынша қызметтеріне – 1 млн 300 мың теңге.
- Бірлік-Ақбұлақ тас жолының Талдыбұлақ ауылының үшбұрышында жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарына- 1 млн теңге;
- Белбұлақ ауылдық округінің аумағында шөп шабу жұмыстарына – 4 млн 590 мың теңге;
- Полиграфиялық қызметтерге – 2 млн 200 мың теңге;
- Белбұлақ ауылдық округі аумағын абаттандыру жұмыстарына – 3 млн 499 мың теңге;
- Гүл көшеттерін сатып алуға - 77 мың теңге;
- Ағаштарды ақтауға – 2 млн 849 мың теңге.
Автомобиль жолдарын ұстап тұруға – 6 млн 500 мың;
Оның ішінде қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау, көктайғақ кезінде құм себу жұмыстарын жүргізу. /Тороманов, Астана /Вишневая/, Алматы /Речная/, Шевченко, Алиева, Алтынсарин, Рябича, Абдыгулова, Шуленова, Маметова, Тебериков, Макатаев, Момышұлы, №10,32,34,35 мектептердің алды.
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 13 млн 840 мың теңге, оның ішінде: Белбұлақ ауылының Молдабеков көшесіне құм-қиыршық тас төсеу жұмыстарына – 7 млн 840 мың теңге (толығымен игерілді). Бірлік ауылының Мауленов көшесіне құм-қиыршық тас төсеу жұмыстарына - 6 млн теңге бөлінді.
САЛЫҚ
Салық түсімі бойынша 2022 жылдың орындалу жоспары 100 пайызды құрап, 5 салықтың түрі бойынша:
|
Салық түсімі |
Жоспар |
Орындалуы |
Пайыз |
|
Жеке тұлғалардан мүлік салығы |
3 200 000 |
4 289 300 |
140% |
|
Жер салығы |
2 950 000 |
4 131 100 |
137% |
|
Жеке тұлғалардан көлік салығы |
80 094 000 |
99 006 900 |
125% |
|
Заңды тұлғалардан көлік салығы |
2 218 000 |
2 263 000 |
102% |
|
Жеке табыс салығы |
21 115 000 |
28 137 600 |
134% |
орындалды.
САУДА, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Белбұлақ ауылдық округі бойынша - 46 дүкен, 7 мейрамхана, 3 дәріхана, 2 жанар жағар май станциясы, 3 көлік жуу бекеті, 5 сән салоны, 2 пластик терезе жасау цехы протездік-ортопедиялық орталық «MediCare International», «Южный», «Голден Фри», «Сафро», «Рыбный край» ЖШС мекемелері халыққа қызмет көрсетіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2022 жылы округте - 65 ана «Алтын алқа», 73 «Күміс алқа», 481 көпбалалы отбасы, 194 мүгедек, 1709 зейнеткер, 14 жетім бала тіркелген.
2022 жылы Белбұлақ ауылдық округінің 119 отбасына 42 млн 953 551 теңге соммасында атаулы әлеуметтік көмек /АӘК/ тағайындалды.
Үйде оқитын мүгедек 2 балаға 64,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Туберкулезбен ауыратын 4 азамат жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмек алады, жалпы соммасы 370 000 теңге.
- Наурыз мерекесіне орай ауыл тұрғындарына тегін ұлттық тағамдар таратылды;
- 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 1-11сыныптар арасында «Бірлігіміз жарасқан Бәйтерек» атты тақырыбында акция өткізіліп, акция барысында мектеп аулаларына «туя» ағаштары мен раушан гүлдері егілді.
- 9 Мамыр- «Жеңіс күні» округтің тыл қызметкерлеріне 120 мың теңге көлемінде азық түлік пакеттері тартылды.
- 2022 жылы Айт мейрамы қарсаңында Белбұлақ мешітінің алдында тұрмысы төмен, көпбалалы отбастарына азық-түлік қоржындары таратылды.
- 1-маусым балалар күніне орай өткізілген «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара барысында Белбұлақ ауылының орталық алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталған мерекелік шарада 400 балмұздақ, ойыншықтар балаларға тегін таратылды. Көп балалы аналар алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасы балаларына ауыл ақсақалдары мен ауыл белсенділері сыйлықтар тарту етті.
- «Мектепке жол» акциясы бойынша 10 оқушыға мектеп формасын, оқу құралдарын, сөмкесін алуға ақшалай / жалпы 130 0000 тенге/ көмек көрсетілді;
- 1 Қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай 15 жалғыз басты қарттарға азық-түлік пакеттері таратылды.
2022 жылы округтің аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы көмекке мұқтаж азаматтарға Белбұлақ ауылы мешітінің бас имамы Мурат Исмаиловпен, демеушілердің көмегімен 50 отбасына азық–түлік қоржындары беріліп, 5 отбасына көмір таратылды. Аталған қайырымдылық іс-шараларға 2022 жылы барлығы 3 млн теңгеге көмек көрсетілді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
Округте 314 шаруа қожалықтары тіркелген. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің көлемі - 20098 га, оның ішінде: 1852 га егістік, 1842 га суармалы, 15457 га жайылымдық, 10 га шабындық, 576 га – көпжылдық шөптер, 361 басқа.
Биылғы жылдың мәліметі бойынша ауылшаруашылық құрылымдарында: соя - 461 га, картоп - 117 га, қызылша – 15 га, сәбіз – 57 га, қызанақ – 29 га, қияр – 7 га, бұрыш – 32 га, жүгері - 413 га, арпа - 50 га егілді.
Белбұлақ ауылдық округі бойынша:
Ірі қара мал саны - 3100, жылқы - 1288, қой мен ешкі саны - 10590, 4800 - үй құстары.
Жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Қан алу, ірі - қара малдан 100 пайыз, қой-ешкі 100 пайыз, жылқы - 100 пайыз орындалды.
Округ аумағындағы шару қожалықтарында 48 трактор, 17 соқа, 15 тұқым сепкіш және т.б. техника тіркелген.
ИРРИГАЦИЯ
Округ бойынша арық жүйесінің жалпы ұзындығы – 17,9 шақырым. Белбұлақ ауылы бойыншат 9,5 шақырым, Талдыбұлақ ауылында – 6 шақырым, Бірлік ауылында 2,4 шақырым. /Р1 канал/ су арнасының ұзындығы 4 шақырым. Алматы магистральді суарнасы 6 шақырым, Сычев және Песочный су арналарының ұзындығы 3 шақырым
ИТ АУЛАУ
2022 жылы округ бойынша «Талғар ауданы ветеринариялық станциясы» мекемесімен 229 ит ауланды.
ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ
Белбұлақ ауылдық округі бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 120 км 800 м оның ішінде: Белбұлақ ауылында-61,8 км, Бірлік ауылында-21,8 км, Талдыбұлақ ауылында-44,6 км.
Округ бойынша - 156 көше тіркелген, Белбұлақ ауылында – 71, Бірлік ауылында 25, Талдыбұлақ ауылында - 60 көше. Аталған 156 көшенің 72 көшесіне асфальт төселген, ол 46% құрайды.
2022 жылы округтің жолдарының жөндеу жұмыстарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Белбұлақ ауылының Молдабеков көшесіне және Бірлік ауылының Мауленов көшесіне құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесімен Белбұлақ ауылының Алиев көшесіне ұзындығы 2,200 м /58 млн теңге/ орташа жөндеу жұмыстары, маршрутты әдіспен Белбұлақ ауылының Астана /Вишневая/ көшесінде ұзындығы 310 м асфальттің беткі қабатын ретке келтіру /киркование/ және ұзындығы 1920 м жолдың шеткі жағын жөндеу жұмыстарына 22 млн 068 теңге, Сейфуллин көшесіне ұзындығы 770м /22 млн 035/ көшелеріне жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бірлік ауылының жаңа құрылыс көшелеріне ұзындығы 1260 м /27 млн 429 мың/, Талдыбұлақ ауылының жаңа құрылыс көшелеріне ұзындығы 1100 м /23 млн 946 мың/ қаражат бөлініп, балласт төселді.
Талдыбұлақ, Бірлік ауылдарының жаңа құрылыс көшелеріне /БАКАД айналма жолы/ ұзындығы 2270 м ағымды жөндеу жұмыстарына 49 млн 413 мың теңге қаражат бөлініп жұмыс жасалды.
СУ ЖҮЙЕСІ
Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын ауыз сумен РММ «Нұра топтық су құбыры» Алатау филиалы қамтамасыз етуде. Округтің су құбыры желілерінің ұзындығы - 34,3 км. Округ бойынша қолданыста 8 су тарату колонкалары, 4 су резервуары, 5 тұндырғыш бар.
«Талғар топталған су тартқышының құрылысы және қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында «Ақ жол» ЖШС мекемесімен Белбұлақ ауылында 2018 жылдан бастап республикалық бюджеттен 524 млн 760 мың теңге бөлініп, жаңа су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 51 км жаңа су құбырлары тартылды. Бүгінгі күні Белбұлақ ауылында абоненттерді жаңа су құбырларына қосу жұмыстары жүргізілуде.
01.10.2022-01.10.2023 жылдар аралығында Талдыбұлақ ауылында 24 км, Бірлік ауылында 18 км жаңа су құбырларын тарту жұмыстары басталып, жүргізулуде. Аталған жұмыстарды бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС мекемесі атқаруда.
ГАЗ ЖҮЙЕСІ
Округте орталық қазандық жоқ. 2011 жылдан бастап Белбұлақ ауылдық округін газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісу Газ Құбыры» ЖШС мекемесі тұрғын үй, мекеме, шаруашылық нысандарды газдандыру жұмысымен айналысып келеді. Бүгінгі күні Белбұлақ ауылы бойынша 52500м, Талдыбұлақ ауылы бойынша 14360м, Бірлік ауылы бойынша 15370м газ желілері тартылған. Округ бойынша 3966 абонент газбен қамтылған. Оның ішінде Белбұлақ ауылында - 2247 үй, Талдыбұлақ ауылында – 875 үй және Бірлік ауылында – 744 үй газдандырылған.
КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
2022 жылы округтің көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша келесі жұмыстар атқарылды: жобалау-сметалық құжаттарды дайындау /түзету, есептеу, жасау/, жол белгілерін орнату және дайындау, Талдыбұлақ ауылы Бірлік-Ақбұлақ тас жолының үш бұрышында және Белбұлақ ауылдық округінің жолдарының бойында жасыл желектерді суару, Бірлік-Ақбұлақ тас жолының, Талдыбұлақ ауылының үш бұрышында жасыл желектерді күтіп ұстау, Алматы-Талғар тас жолы, Бірлік-Ақ бұлақ тас жолы, ҮАК жолының бойындағы шөп шабу жұмыстары, полиграфиялық қызметтер, округтің абаттандыру жұмыстары, гүл көшеттерін сатып алу, ағаштарды ақтау, апатты ағаш пен бұталарды кесу /54 ағаш бұталары кесілді/, арық жүйелерін қазу жұмыстары /Белбұлақ ауылының Сейфуллин көшесінде 200м, «Аружан» мейрамханасының маңайында 250м, Азербаев көшесінде 300м, Астана /Вишневая/ көшесінде 150м, Бейсеуов көшесінде /жаңақұрылыс/ 540м, Бірлік ауылының /жаңа құрылыс/ 350м, Талдыбұлақ ауылының /МТФ/ 230м арық жүйелері қазылып, жұмыстар жасалды.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІ
Белбұлақ ауылдық округі бойынша электр желілердің жалпы ұзындығы - 140 км оның ішінде: Белбұлақ ауылында-73 км, Бірлік ауылында-30 км, Талдыбұлақ ауылында-37 км.
Белбұлақ ауылдық округі бойынша АЖК АҚ теңгерімінде тұрған ұзындығы 120 км барлық электр желілерінің 35% - ға тозығы жеткен, электр желілерінің 65% - ы жаңартылды. Ауылдық округтің елді мекендері үздіксіз электрмен қамтамасыз етілген.
2022 жылы Белбұлақ ауылының Манько көшесіне /25/, Абай көшесіне /17/, Арифов көшесіне /52/, Талдыбұлақ ауылының Нұржұмаұлы /25/, Бірлік ауылының Күздеубай көшесіне /40/, Жібек жолы көшесіне /13/, дәрігерлік амбулаторияға /10/ жарық бағанасы орнатылды.
Сонымен қатар 2022 жылы тоқ кернеуінің азаюын болдырмау мақсатында Талдыбұлақ ауылының және саяжай тұрғындарына 3 трансформатор қойылды.
САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ
2022 жылы елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 9 млн 549 мың теңге қаражат бөлініп, ауыл ішіндегі көшелерге, Алматы-Талғар Республикалық маңызы бар тас жолының бойы, ҮАК бойындағы жол күнделікті күл-қоқыстан тазаланып, апатты күл қоқыс орындары анықталып, қоқыс ошақтары шығарылуда. Аталған жұмыстарды жұмыспен қамту орталығының есебінде тұрған азаматтар жүргізеді. Белбұлақ ауылындағы күл-қоқысты шығару жұмысымен жеке кәсіпкер «Мусабеков», Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының тазалығымен «Тазар» мекемесі айналысуда.
БАЙЛАНЫС САЛАСЫ
Округ тұрғындарына Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік ауылдарында 3 пошта байланыс бөлімшелері мен 1 АТС жұмыс жасауда. Округ бойынша 2022 жылы телефон байланысының абоненттері - 3320 құрады.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Округ аумағында жалпы білім беретін 4 мектеп бар. Белбұлақ ауылында №10, №32 мектептер, Талдыбұлақ ауылында №34 мектеп-гимназиясы, Бірлік ауылында №35 мектеп-гимназиясы. Аталған төрт мектепте 426 мұғалім білім беріп, 4321 оқушы білім алуда.
Аталған төрт мектепте: 0 сыныпта – 233 бүлдіршін, 1 сыныпта – 477 оқушы, 9 сыныпта – 335 оқушы, 11 сыныпта – 167 оқушы, жастар саны – 7665, жеке меншік балабақша саны - 8.
Бүгінгі күні Талдыбұлақ ауылындағы №34 мектеп үш аусымды болуына байланысты Бас жоспар бойынша жер телімі анықталып, аталған жер телімге Талдыбұлақ ауылында 600 орынды жаңа мектеп құрылысын жүргізу мақсатында анықталған жер телімін бағалауға өтінім берілді. Бағалау оң нәтиже алған жағдайда мектеп құрысын жүргізу жоспарлануда.
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ
Округке қарасты Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік ауылдарында бүгінгі күні 3 дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетіп келеді. Округ бойынша 9 дәрігер, 66 медбике халыққа қызмет көрсетуде.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Белбұлақ ауылдық округінде мәдениет үйі жоқ. Бүгінгі күні мәдениет үйінің құрылысын жүргізу мақсатында 1,1732 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі дайындалған. Қаражаттың бөлінуіне қарай мәдениет үйінің құрылысы жүргізіледі.
Округ аумағында республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге /КАБИС/ және интернет желісіне қосылған 1 кітапхана жұмыс жасауда.
2 стадион, 4 мектептің жанында орналасқан 4 спорт алаңы, Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарында балаларға арналған ойын және «Street workout» алаңдары қолданысқа берілген.
ДІНИ БІРЛЕСТІК
Имандылыққа жол бастайтын округ бойынша Белбұлақ, Бірлік және Талдыбұлақ ауылдарында 3 мұсылман мешіті, Белбұлақ ауылында орналасқан «Астана және Алматы епархиясы Әулие Георгий қауымы» жергілікті православиялық діни бірлестігі атты 1 христиан шіркеуі және «Мұрат Төреқұл» сауат ашу медресесі өз жұмысын атқаруда.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Округтің тыныштығын сақтау мақсатында округте 3 полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Округке қарасты бұрын сотталған азаматтар саны - 45, маскүнем - 26, нашақор – 4 азамат тіркелген. 2022 жылы округте тіркелген қылмыстың саны - 69 болса, оның 47 бүгінгі күні ашылды. Әкімшілік жауапкершілікке - 191 азамат тартылды.
Полиция тірегінің құрылысын жүргізу үшін Белбұлақ ауылында 0,08 га жер телімі бөлініп, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі (гос.акт) дайын.
Халық арасында ұрлық, тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында домофон, бейнебақылау орнату туралы насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңды тұлғалар да өз ғимараттарына бейнебақылау орнату туралы ескертіліп, бейнебақылаулар орнатылған.
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!!!