Меню

Страницы

Статья

ЦИФРЛАНДЫРУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН КӨТЕРДІ

Мемлекеттік қызметтің басты тұтынушысы – халық. Сондықтан мемлекетімізде қабылданған кез келген заңның түпкі мақсаты – адам құқығын мінсіз қорғаумен айқындалса, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағдары– азаматтарға жедел, сапалы, кедергісіз қызмет көрсетуді көздейді. Тәуелсіздік алған кезден бастап отандық заңнамалар жасақталып, мемлекеттік қызметтің сапасы айтарлықтай жақсарды. Қазіргі жағдайды бұрынғы кезбен салыстыру мүм­кін емес.

ЦИФРЛАНДЫРУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН КӨТЕРДІ

 

Айталық бұрын бір анықтама алу үшін  бірнеше мемлекеттік мекеменің есігін тоздыруға тура келетін. Бір құжат үшін бірнеше анықтама жинау қалыпты жағдай еді. Сол үшін азаматтар қаншама уақытын жоғалтып, бітпейтін кезекке тұрып, жүйкесінен, қаржысынан айырылатын. Қызмет ұсынудағы мұндай қолдан жасалған қиындықтардың зардабы аз емес. Соның кесірінен, жұмысын таныс арқылы әуре-сарсаңсыз бітіргісі келетіндер қатарының көбейіп, бұл мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюына алып келгені шындық. Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша жылдар бойы жүргізілген реформалардың нәтижесінде осы кемшіліктер рет-ретімен шешімін тапты. Қазір азаматтардың қажетті қызметті алуы жеңіл әрі оңай. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіруде азаматтардың күн-делікті ұсыныс-тілегі толық ескерілді. Бұл кадр таңдауда, мемлекеттік қызметкерлердің білімімен қоса әдебіне, өзін-өзі ұстау мәдениетіне, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуына қатысты талаптарды күшейтіп, оңтайландыруға ықпалын тигізді. Әсіресе, жаңа технология игіліктерінің қолданысқа енгізілуі мемлекеттік қызметтің бет-бейнесін толық өзгертті. Бүгінде барлық қызметті онлайн алуға жол ашылған. Азаматтарға уақытын жоғалтып, қаржысын шығарып мемлекеттік мекемелерге арнайы барудың қажеті жоқ. Анықтамаларды шығарып алу өте жеңіл. Осының бәрі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған кешенді жұмыстардың жемісі. Циф рландыру барлық саладағы бюрократияны жойды, жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қойды. Мемлекеттік қызметті күн өткен сайын жаңартып, жаңғыртудың арқасында жер учаскесін алу үшін кезекке тұруда автоматты түрде, қашықтан жүзеге асырылатын болды. Қазақстанның электронды үкімет порталында жеке-меншік тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке тұру қызметінің іске қосылуы – сондай сүйіншілейтін жаңалықтың бірі. Соның арқасында енді азаматтар жер алу кезегіне қашықтан тұрып қана қоймай, оның қозғалысын онлайн түрде бақылайда алады. Бұл жаңашылдықтың халыққа тигізер пайдасы зор. Өйткені, бұған дейін тұрғын үй салуға арналған мемлекеттен берілетін жерді алу үшін тұрғындар жергілікті әкімдікке баратын. Тізімге ілінуден бөлек, кезектегі нөмірін, өзіне қашан жер телімі берілетінін білу үшінде азаматтарға әкімдікке баруға тура келетін. Ал жаңа жүйенің арқасында EGov порталында жаңа функция іске қосылды. Енді азаматтарға ғаламтор мен порталға кіретін құрылғы болса жеткілікті. Бүгінде әкімдікке сауал жолдайтын, көмек сұрайтын азаматтар баршылық. Оларға жол көрсету, бағыт беру біздің  басты парызымыз. Азаматтар тарапынан ең жиі қойылатын сұрақтардың легі осы мемлекеттен берілетін тегін жер теліміне қатысты. Жер кодексінің 50-бабында жер учаскелері Қазақстан азаматтарына жекеменшікке, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн 10 сотық мөлшерінде тегін берілетіні көрсетілген. Азаматтардың атында басқа жылжымайтын мүлкі болса да мемлекет кепілдік берген жер учаскесіналуға болады. Тек халық көп шоғырланған ірі мегаполистерден жер теліміналу мүмкін емес. Өйткені, бұл өңірлерде бос жер телімдері жоқ. Бірақ жер учаскесін алып қана қоймай, оны мақсатына сай пайдалану да керек. 10 сотық жер азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқышаруашылық үшін беріледі. Сондықтан бұл жер теліміне не үй салып, не шаруашылықты жүргізуге арналған нысан салынуы қажет. Мемлекет кепілдендірген  жер теліміне ерлі-зайыптылардың екеуіде өтініш бере алады. Себебі, заңға сәйкес, жер учаскесі отбасыға емес, әрбір адамға беріледі. Мемлекет азаматтарға бар мүмкіндікті беріп отыр. Енді сол игілікті барынша тиімді пайдаланған абзал.

 

Бағдат Таляуұлы 

 

 

 

 

Дата публикации
03 марта 2023
Дата обновления
03 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 февраля 2024
Жергілікті атқарушы органдардың тіршілікті қамтамасыз ету және ТКШ объектілеріндегі штаттан тыс жағдайлар кезінде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы-климаттық жағдайлар кезінде халықты хабардар ету және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу алгоритміию и ликвидации чрезвычайных ситуаций
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
03 марта 2023
ЦИФРЛАНДЫРУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН КӨТЕРДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы