Талап селосы жергілікті қоғамдастықтың жиынының
№ 5 хаттамасы
Талап ауыл клубы 01 тамыз 2023 жыл
15:00
Төрағалық етуші К.М.Бапанов- Талап ауылының әкімі
Қатысқандар ауыл тұрғындары- 41 адам
Күн тәртібінде:
1.Талап елді мекенінің көшелеріне қайта атау беру туралы.
Жергілікті қоғамдастық жиынын ашып жүргізген ауыл әкімі К.Бапанов
Құрметті қоғамдастық жиынының мүшелері және Талап ауылының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ бұлардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 Қаулысымен және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелер, даңғылдар, шағын аудандар т.б.) атау беру, оларды қайта атау туралы құжаттардың тізімімен таныстырды.
Талап селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны-24 адам, жиынға келген мүшелердің саны-15 адам. Жалпы жиынға қатысып отырғандар - 41 адам.
Т.Асангазинді қоғамдық жиынының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» 41- адам
«Қарсы» жоқ
«Қалыс» жоқ
Бір ауыздан қабылданды.
Н.Достаеваны жиынның хатшысы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» 41- адам
«Қарсы» жоқ
«Қалыс» жоқ
Бір ауыздан қабылданды.
Сөз жиын төрағасы Т.Асангазинға беріледі.
Жиналыс төрағасы -Т.Асангазин өз сөзінде көше атауларын өзгерту уақыт талабы екенін, енді кібіртектеудің еш қажеті жоқтығын арғы -бергі тарихтан мысал келтіре отырып, көпшілікке жеткізіп, ауылдағы 4 көшенің атауын өзгертуді ұсынды.
Жиналыстың қабылдаған шешімі:
Талап селосындағы төмендегі көшелерге
Микрорайон – Мәңгілік Ел көшесі,
Центральная -Тәуелсіздік көшесі ,
Молодежная- Жібек жолы көшесі,
Мичурин- Бұланты көшесі атаулары берілсін.
Қарсы болғандар – жоқ,
Қалыс қалғандар - жоқ
Көше атаулары бірауыздан қабылданды.
Жиналыс төрағасы Т.Асангазин
Хатшы Н.Ж.Достаева