ШЕШІМ 17-12 Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СЫРЫМ АУДАНДЫҚ     

МӘСЛИХАТЫ                                                                               

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ СЫРЫМСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

 

 

ШЕШІМ                                                                                         РЕШЕНИЕ

 

2024 жылғы 27 ақпандағы                                   №17-12

                      

 Жымпиты ауылы                                                                                           село Жымпиты

 

 

 

Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 210 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы төмендегіше бекітілсін:

Кеңес төрағасы - Сырым ауданының әкімі;

Кеңес төрағасының орынбасары - Сырым ауданы әкімінің орынбасары;

Кеңес хатшысы - Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Кеңес мүшелері:

Сырым аудандық мәслихат төрағасы (келісім бойынша);

Жымпиты ауылдық округінің әкімі;

Сырым аудандық Полиция бөлімі бастығы (келісім бойынша);

«Сырым аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);

Сырым ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

Сырым ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің басшысы;

Сырым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы;

Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы (келісім бойынша);

Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

«Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

«Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

«Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  (келісім бойынша);

«Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

«Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

«Сырым Датұлы» атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры (келісім бойынша).

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №42-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің дербес құрамы туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
  2. Шешім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                       Ш.Дуйсенгалиева

ШЕШІМ 17-12 Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы
Дата публикации
31 октября 2024