ШЕШІМ 17-11 Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган жастар ісі жөніндегі аудандық кеңесінің дербес құрамы туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СЫРЫМ АУДАНДЫҚ     

МӘСЛИХАТЫ                                                                               

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ СЫРЫМСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

 

 

ШЕШІМ                                                                                         РЕШЕНИЕ

 

2024 жылғы 27 ақпандағы                                   №17-11

                      

 Жымпиты ауылы                                                                                           село Жымпиты

 

 

 

Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган жастар ісі жөніндегі аудандық кеңесінің дербес құрамы туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі аудандық кеңестің құрамы төмендегіше бекітілсін:

Кеңес төрағасы - Сырым ауданының әкімі;

Кеңес төрағасының орынбасары - Сырым ауданы әкімінің орынбасары;

Кеңес хатшысы - Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Кеңес мүшелері:

Жымпиты ауылдық округінің әкімі;

«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасы (келісім бойынша);

Сырым аудандық Полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

Сырым аудандық Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторы (келісім бойынша)

Сырым ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің басшысы;

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

«Сырым колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (келісім бойынша); 

«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің  редакторы (келісім бойынша);

Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы коммуналды мемлекеттік мекемесі басшысы;

«Қайсар» спорт клубының директоры (келісім бойынша);

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директоры (келісім бойынша).

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №42-3 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган жастар ісі жөніндегі аудандық Кеңестің дербес құрамы туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
  2. Шешім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                       Ш.Дуйсенгалиева

ШЕШІМ 17-11 Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган жастар ісі жөніндегі аудандық кеңесінің дербес құрамы туралы
Дата публикации
31 октября 2024