ШЕШІМ 17-7 Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СЫРЫМ АУДАНДЫҚ     

МӘСЛИХАТЫ                                                                               

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ СЫРЫМСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

 

 

ШЕШІМ                                                                                         РЕШЕНИЕ

 

2024 жылғы 27 ақпандағы                                   №17-7

                      

 Жымпиты ауылы                                                                                           село Жымпиты

 

 

Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 4 298 085 мың теңге:

салықтық түсімдер – 934 351 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 200 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 341 534 мың теңге;

2) шығындар – 4 444 635 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 79 825 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер – 155 064 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 75 239 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 226 375 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 226 375 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 155 064 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 75 239 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 146 550 теңге.»;

         аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                       Ш.Дуйсенгалиева

ШЕШІМ 17-7 Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
31 октября 2024