ШЕШІМ 20-21 Сырым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СЫРЫМ АУДАНДЫҚ     

МӘСЛИХАТЫ                                                                               

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ СЫРЫМСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

 

ШЕШІМ                                                                                         РЕШЕНИЕ

 

2024 жылғы 27 мамырдағы                     № 20-21

                      

 Жымпиты ауылы                                                                                           село Жымпиты

 

 

Сырым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес Сырым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2 – қосымшасына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сырым аудандық мәслихат төрағасы

 

Ш. Дуйсенгалиева

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 31.05.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7377-07 болып енгізілді

ШЕШІМ 20-21 Сырым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
28 октября 2024