|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЫРЫМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
|
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ СЫРЫМСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ |
ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
2024 жылғы 28 мамырдағы № 20-22
Жымпиты ауылы село Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 10-4 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;».
|
Мәслихат төрағасы |
|
Ш. Дуйсенгалиева |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі БҚО облысының Әділет департаменті нормативтік құқықтық акті 03.06.2024 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7379-07 болып енгізілді