
|
Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы 1983 жылдың 20 тамызында Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жетікөл ауылдық округінде дүниеге келді. 1989 жылы Сырым орта мектебінің табалдырығын аттап, 2000 жылы тәмамдады. 2007-2010 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мамандығын алып шықты. 2010 жылы Елтай ауылдық округінің Алатау ауылында клуб меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. 2011-2013 жылдары Сарой ауылдық округінде мәдениет үйінің меңгерушісі, 2017 жылдан Қосарал мәдениет үйінің музыкалық жетекші қызметін атқарып келеді. |
Отбасылы, 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. «AMANAT» партиясының мүшесімін.