Қала тұрғындарын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мақсатында Саран қаласындағы орталық қазандық нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асырудан 282 көп қабатты тұрғын үй және 20 әлеуметтік сала объектісі, шамамен 30 000 адам орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Қазандықтарды, бас корпустың металл құрылымдарын, көмір қабылдау бөлімшелерін демонтаждау жұмыстары, жөндеу-қосалқы цех құрылымдарын монтаждау, әкімшілік-тұрмыстық корпус ғимаратын, су резервуарларына арналған қазаншұңқырды, кәріз желілерін жөндеу, металл құрылымдарын монтаждау бойынша жұмыстар, қалау жұмыстары, профнастилді монтаждау, жабын плитасын монтаждау орындалды.