
"Саран қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Саран қаласының құрылыс саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Мекеме ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізуді жүзеге асырады, әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қала құрылысын игеру кезінде құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс немесе өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз етеді; мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етеді.