GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Все материалы
19 июня 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды.

04 апреля 2025
«Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен: 2025 жылғы 4 сәуірінен бастап 30 жұмыс күн ішінде «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

04 июля 2024
«Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аяқталды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аяқталды.

03 мая 2024
«Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 мамырдан 7 маусымға дейін «Жезқазған қаласы құрылыс бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

26 февраля 2024
Жезқазғанда салынып жатқан бассейні бар спорт кешені 30%-ға дайын

⚜   Жезқазған қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы биыл қазан айында аяқталады. Бұл жайында бүгін Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының нысанға жұмыс сапары барысында айтылды. Сондай-ақ кешенде ұзындығы 25 метр болатын 4 жолақты бассейн орналасады. Нысанның жалпы аумағы 8000 шаршы метрге жуық.

⚜   Мердігер ұйым «Tansu construction» ЖШС өкілінің айтуынша, жұмыс режимі екі ауысымда қызмет ету сатысына көшіріліп жатыр. Мақсат – ғимарат жұмыстарын белгіленген уақыттан ертерек аяқтау.

⚜   320 көрерменге шақталған үш қабатты ғимарат бес блоктан тұрмақ.

Сонымен қатар ғимаратта:
• Бокс залы
• Теннис корты
• Жаттығу залы
• Футбол алаңы
• Киіну бөлмесі
• Әмбебап зал
• Көркем гимнастика залы
• Көрермендерге арналған 320 адамдық трибуна
• Акт залы болмақ.

⚜   Кешен аумағында көлік тұрағы, асфальт жабыны, пандус және көгал т.б. абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

23 февраля 2024
Жезқазған қаласы Алашахан көшесі, 34 Ж мекен-жайында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй салу

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Жезқазған қаласы Алашахан көшесі, 34 Ж мекен-жайында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй салынуда.

Жалға берілетін Алашахан көшесі 34 Ж тұрғын үй құрылысы қалалық бюджет есебінен жүргізілуде.

 Ғимараттың жалпы ауданы 4357,25 шаршы метрді алып жатыр,  бүгінгі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, нысан а.ж. наурыз айының соңында тапсырылуға беріледі.

23 февраля 2024
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

"Қарызсыз қоғам" жобасы аясында тегін қаржылай сауаттылық курсы басталғанын хабарлаймыз. Курс бес күнге созылады. Аталмыш оқу курсын өту арқылы сіз:

  • қаржы сарапшыларының жеке консультациясын ала аласыз;
  • жеке ісіңізді ашу үшін бизнес-жоспар дайындауға көмектеседі;
  • заң аясында мамандардан кеңес ала аласыз.

ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫНА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША  ТӨМЕНДЕГІ БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСУЛАРЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ     

Жезқазған қаласы бойынша: 8 747 434 02 28 Абдуалиева Каламкас  Кадирбаевна

Сәтбаев қаласы бойынша: 8 777 139 64 96 Жусуп Айгана Габдуллаевна

Қаражал қаласы бойынша: 8 777 050 15 37 Исина Гульмира Умбетжановна

Жаңаарқа ауданы бойынша: 8 747 180 52 49 Ахметжанова Самал Имантусуповна 

Ұлытау ауданы бойынша: 8 705 634 85 62 Абилов Берик Бейсалиевич 

Тәлімгер, бизнес жаттықтырушы: 8 705 830 68 49 Талап Шолпан Талапқызы

15 февраля 2024
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл.

📌Бүгін – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл.
1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанда 22260 қазақстандық жауынгер өз борышын өтеді. Солардың 761-і өз борышын өтеп жүріп қаза тапты. 📌Соның бірі ерлікпен қаза тапқан Жезқазған қаласының тумасы Мамажанов Тұрлыбек Нұрлыбайұлы.

«Ер есімі – ел есінде» демекші, майданда қаза тапқан Мамажанов Тұрлыбектің отбасына жауынгердің медальі ресми түрде табысталды.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының Қорғаныс істері басқармасы бастығы, подполковник Жакупжанов Талант Ғаниұлы және Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев арнайы барды.

«Соғыста батырлықпен қаза тауып, батылдық танытып, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза тапқан азаматтық баға жетпес ерлігі ешқашан ұмытылмайды» деді Б. Жайлаубаев.

14 февраля 2024
Жезқазған қаласында 320 орынға көп функционалды спорт кешені құрылысын салу

Жезқазған қаласында 320 орынға көп функционалды спорт кешені құрылысын салу мәселесі Ұлытау облыс әкімі мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басшылығы арасында жасалған 2022 жылғы 2 қарашадағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылатын объектілер тізбесіне енгізілген.

Меморандумға сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі (Тапсырыс беруші), «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (төлеуші) және «Астел-К» ЖШС мердігерлік ұйымы арасында жобалауға үшжақты мердігерлік шарт жасалып, шартқа сәйкес «Астел-К» ЖШС жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттама ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамада.

Бұрынғы жобамен салыстырғанда ғимараттың жалпы ауданы  2,9 мың шаршы метрге ұлғайғанын, жер учаскесінің жалпы ауданы   0,1449 гектарға ұлғайғанын, кешен құрамына қосымша енгізілгенін атап өтеміз: үстел теннисі залы, әкімшілік кеңселері, конференц-зал, ойын және спорт залдарының көлемі ұлғайтылды және 4 жолақты бассейн. Жалпы, кешенде баскетбол, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі бойынша садақ ату, гимнастика, бассейн, конференц-зал, медициналық кабинет, тәуліктік өткізу қабілеті 1500 адамды құрайды.

2023 жылғы 31 шілдеден бастап Жезқазған қаласының әкімдігі (тапсырыс беруші), «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (төлеуші) және «TANSU Construction» ЖШС мердігерлік мекемесі арасында құрылыс жүргізуге үшжақты шарт жасалды, бүгінгі таңда нысан басында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

03 марта 2022
Қарағанды облылысының ТЖ Департаменті ескертеді

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы