Меню

Страницы

Статья

Құрылыс

МЫСТЫ ШАҺАРДА
"Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысы Маруа Келмағанбетова БАҚ-қа арналған брифинг барысында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы алға қойылған міндеттер туралы айтып берді.
▶️ Тұрғын үй құрылысы
2018 жылдан бастап біздің қаламызда көп жылдар бойы болмаған, көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы, яғни қаланың бас жоспарына сәйкес батыс аумақта шағын ауданды дамыту басталды.
Алдағы 2022-2023 жылдарға Гагарин көшесі 70/1, 70/3, Алашахан, 34Н, 34П, Ж, З мекенжайлары бойынша 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысы және оларға арналған инженерлік желілер, көп қабатты тұрғын үйлерге (абаттандыру) және жеке тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым салу үшін 25 жщбалық – сметалық құжаттама әзірленеді.
Өткен жылы 26,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 мың шаршы метрге артық (2020 ж. – 21,1 мың шаршы метр).
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалпы ауданы 9,7 мың ш.м. 3 көп қабатты тұрғын үй – бір жалға берілетін (Алашахан даңғылы, 34И-30 пәтер), екі кредиттік үй (Байқоңыров көшесі, 28А-18 пәтер, Алашахан даңғылы, 34К - 60 пәтер) салынған және пайдалануға берілген.
Ұлттық қор қаражаты есебінен 10 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін, бастапқы нарықтан 10 пәтер сатып алынды.
Ағымдағы жылы 28,2 мың ш. м. тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 мың ш.м. артық. Бұл көрсеткішке мемлекеттік сектор (12,9 мың ш.м.), коммерциялық (5,8 мың ш. м.) және жеке тұрғын үй (9,5 мың ш. м.) құрылысы есебінен қол жеткізіледі және кезекте тұрған 180 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылым құрылысы, іске қосылатын нысандарға (жолдар, балалар алаңдары, жарықтандыру және т.б.) іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
▶️ Сумен жабдықтау жүйесі
Қалаішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда (1,2,3 кезектер). Реконструкцияланатын желілердің жалпы ұзындығы 218,7 км, оның ішінде магистральдық желілер - 15,1 км, ішкі желілер-203,6 км. Бүгінгі күні жалпы жұмыстың 75% - ы орындалды. 2022 жылы 24 км желіні қайта жаңарту және 4,5,6 шағын ауданды, 9,91-94 орамды, Қабанбай батыр шағын ауданын (Геологический кенті) және 3 магистральдық су құбырын қосу жоспарланған.
2023 жылы жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Осыдан кейін қала жаңа су құбыры желісіне толық қосылатын болады.
Жобаларды іске асыру желілердегі шаруашылық-ауыз су шығынын 33-тен 18% - ға дейін төмендетуге, халықты сумен жабдықтау сапасын жақсартуға, су құбыры желілерінің тозуын 72% - дан 36% - ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
▶️ Шаруашылық-ауыз су тазарту нысандары
Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар бар объектілерді реконструкциялауға, жаңаларын салуға, жабдықтарды ауыстыруға, суды тазарту мен дайындаудың жаңа технологияларын енгізуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды. Судың сапасын жер асты сулары деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік беретін мембраналық суды тазарту технологиясы, кері осмос қолданылатын болады.
Сондай - ақ, 2021 жылы құрылыс бөлімі маңызды жоба - "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін пайдалануға беруді жүзеге асырды.
Ал сот талқылауларына байланысты тоқтатылған 320 орындық дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы биылғы жылы жалғастырылады және осы жобаны сапалы іске асыру - бұл бөлімнің таяу келешектегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Дата публикации
25 февраля 2022
Дата обновления
25 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
25 февраля 2022
Құрылыс

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы