Приозерск қаласы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 5-30-06 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Құрметті Приозерск қаласы тұрғындары!
Сіздерді «АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА» шақырамыз.
Іс-шара барысында облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдердің басшылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өтетін күні, уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 10.00 - 12.00
Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығы ғимараты, Қошқарбаев көшесі, 6 үй
Алдын ала жазылу телефоны: 8(71039)5-30-06
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
Құрметті Приозерск қаласының
тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.
2026 жылғы 11 маусымда сағат 16.00-де Приозерск қаласы әкімі М.Т. Ахметовтың тұрғындармен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің, арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.
Қала әкімі жергілікті атқарушы органдар-дың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттары-мен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.
Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.
Қала әкімдігі
2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейін аралықта Приозерск қаласы құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мəселелермен байланысты cұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" ММ-не жүгіне аласыз 8 (71039) 52017
Жаңа жағалау аймағы, абаттандырылған жағажайлар, су бойындағы дәмханалар, жағалау бойымен тартылған веложолдар және концерттер мен спорттық турнирлер өтетін ауқымды жастар саябағы. Болашақта туризмге басымдық беретін қала ретінде Приозерск осындай келбетке ие болмақ.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезекті XXXII сессияда қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен ұштастырылған Бас жоспарына енгізілген түзетулерді бекітті. Құжат 2038 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және заманауи туристік-рекреациялық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Негізгі басымдық жағалау аумағына берілген. Ұзындығы шамамен жеті шақырымды құрайтын демалыс аймағы кешенді түрде абаттандырылмақ. Жоба аясында жағажайлар, көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру және көгалдандыру жүйелері, балалар алаңдары және өзге де абаттандыру элементтері қарастырылған.

— Приозерск елеулі табиғи және мәдени әлеуетке ие. Біз туризмді қаланы дамытудың стратегиялық бағыты ретінде қарастырамыз және Приозерскіні заманауи туристік орталыққа айналдыру жолында нақты қадамдар жасап отырмыз. Бас жоспарға енгізілген түзетулер саланың ұзақмерзімді даму әлеуетін ескере отырып әзірленді және қалалық ортаны кешенді әрі орнықты дамытуға бағытталған, — деп атап өтті қала әкімі Мансур Ахметов.

Қаланың батыс және шығыс бөліктерінде әрқайсысының аумағы шамамен 20 гектарды құрайтын демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Тағы бір маңызды жоба — жастар саябағы. Оның аумағында спортпен айналысуға, би билеуге және концерттер өткізуге арналған алаңдар қарастырылған. Саябақ арқылы негізгі демалыс аймақтарын байланыстыратын жағалау желісі өтеді.

Жоба қаланы кезең-кезеңімен дамытуды, аумақты толық игеруді және тұрғындардың әлеуметтік әрі тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздейді.
Сондай-ақ электрмен жабдықтау, су құбыры және кәріз жүйелерін жаңғырту, екі қазандық салу және жаңа магистральдық жылу желілерін тарту қарастырылған. Инженерлік коммуникациялар қуат резервімен жобаланады, ал жаңбыр және еріген қар суларын бұру үшін жергілікті ағын суларды әкету жүйесі бар кәріз жүйесін салу жоспарланған.

— Приозерскінің жаңа Бас жоспары — қаланың болашағына арналған стратегиялық көзқарас. Мұнда туристік әлеуетті дамытуға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға, қолжетімді мектептер мен балабақшалар салуға, заманауи индустриялық аймақтар құруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға басымдық берілген, — деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық
кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен
кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция
жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ
кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген
атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды
ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан
басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз
салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай
қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және
қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp»
мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес
https://securitymedia.org/news/list/ataka-ghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html кибералаяқтар
«WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын
қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды,
SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды
қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша
құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp»
атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp»
интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі
мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде
жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»-
қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар
тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон
әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы -
«Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген
белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі
хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
- «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер,
қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп
отырыңыздар;
- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Бір қатенің құны - Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.
ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЛУБЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Бүгін Приозерск қаласында жаңа спорт клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды шараға қала басшылығы, сала өкілдері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты іс-шараға Приозерск қаласының әкімі Ахметов Мансұр Талғатұлы,
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Сапиев Серік Жұманғалиұлы,
сондай-ақ Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.
Қонақтар өз сөздерінде жаңа спорт клубының ашылуы бұқаралық спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, театрландырылған қойылымдар мен спорттық көрсетілімдерге ұласты. Сондай-ақ қала спортының дамуына үлес қосып жүрген үздік спортшылар мен бапкерлер марапатталып, волейбол және футбол турнирлерінің жеңімпаздарына жүлделер табысталды.
Жаңа спорт ордасы ел игілігіне қызмет етіп, Приозерск қаласының спорттық әлеуетін арттыра берсін!