«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің 2026 жылғы 6 айда атқарған жұмыстары туралы есебі

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің 2026 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

● Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілгеннен кейін Байтерек көшесі бойынша кәріз жүйесінің құрылысы қайта басталды.

Құрылыс жұмыстарының жалпы құны – 122,8 млн теңге. 2025 жылы аталған нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 19,0 млн теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. 2026 жылы аталған нысанға жергілікті бюджеттен 60,8 млн теңге бөлінді.

Нысанды толық аяқтау үшін қосымша 42,9 млн теңге қажет.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылғы қараша айы. Қазіргі уақытта жұмыстардың жалпы көлемінің 70%-ы орындалды.

● 2026 жылы «Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй сатып алу» бағдарламасы аясында қалаға облыстық бюджеттен 15 пәтер сатып алуға 311,6 млн теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа жеке құрылыс салушы Б.М. Жумахановтан Транспортная көшесі, 5-үй мекенжайы бойынша 16 пәтер сатып алынды. Тұрғын үйдің абаттандырылған аумағы және қажетті инженерлік коммуникациялары бар.

Қосымша 144,3 млн теңге қаражат бөлінген жағдайда, аталған үйден тағы да 8 пәтер сатып алуға мүмкіндік бар.

● Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Қазтехнология» ЖШС жобалау ұйымы тарапынан «Приозерск қаласының жылумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің инженерлік желілерін салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Жобаның жалпы құны – 93,3 млн теңге.

Аталған шарт бойынша бөлімнің кредиторлық берешегі 16,3 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.

● 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің орындалуы 2,54 млрд теңгені құрады, бұл жоспардың (1,3 млрд теңге) 202%-ын құрайды.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 3 216 шаршы метрді құрады немесе жоспардың (1 376 шаршы метр) 238%-ын құрады.

Бөлім басшысы Ж. Сәрсембеков

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің 2026 жылғы 6 айда атқарған жұмыстары туралы есебі
Дата публикации
23 сентября 2026