Тұрғын үй құрылысы басым бағыттардың біріне айналды жəне жалпыұлттық сипаттағы аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары ауданда құрылыс жұмыстарының қарқыны едəуір артты, ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында орындалған жұмыстардың көлемі 2 млрд.425 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі жолдарды жөндеу, арнадағы сорғы станцияларын қайта жаңарту есебінен жəне жеке инвестициялар (ауыл шаруашылығы базаларын салу) есебінен орындалады. Бірыңғай тұрғын үй саясатының негізгі қағидаты, əсіресе халықтың əлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру болып табылады. Мемлекет басшысы кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру мəселесін үш жыл ішінде шешуді тапсырды. Қазіргі уақытта ауданда тұрғын үй алуға 904 азамат тіркелген, оның ішінде:1 санат (жетім балалар, атаанасының қамқорлығынсыз қалған балалар) – 618 адам; 2 санат (халықтың əлеуметтік осал топтары)-132 адам; 3 санат (мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, əскери қызметшілер жəне т.б.) – 127 адам; 4 санат (жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар) – 6 адам; көп балалы отбасылар – 21 адам. Осы проблеманы шешу үшін ағымдағы жылы 1,4 млрд. теңге сомасына жалға беру - коммуналдық тұрғын үй жəне оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша жұмыстар орындалуда. Осакаровка кентінде инфрақұрылымы бар 6 екі қабатты 18 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, жобалардың жалпы құны 1 млрд. 620 млн. теңгені (108 пəтер) құрайды. Ағымдағы жылы екі қабатты 18 пəтерлі үйлерде 108 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен тағы екі 18 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, оларды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру 1208 м2 құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 103%