2026 жылғы 1 маусым мен 30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып табылады. Оны тікелей Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, департаменттер жүргізеді.
Талдау тиісті заңнамалық және ұйымдық-басқару қызметіндегі әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды, оның ішінде адам ресурстарын басқару, мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік сатып алулар және т.б.