Меню

Страницы

Статья

Басшы есебi. Құрылыс жұмыстарының қорытындысы.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша «Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ құрылыс саласы бойынша атқарған жұмыстың қорытынын жасады. Зерделесек, құрылыс бойынша, соның iшiнде тұрғын үй құрылысы бойынша көрсеткiштерiмiз тиiстi деңгейде. Атап айтсақ, есептiк кезеңдегi жоспарланған құрылыс көлемдерi түгелдей орындалды. Ал қалғаны жылдың аяғына дейiн толық игерiледi.

Сәулеттiк-құрылыс саласының 9 айлық жұмысы және 2018 жылға даму болашағы бойынша ауданымыздың құрылыс саласының басымды бағыты — үй салу туралы айтсақ, биылғы жылы аумағы 3000 шаршы метр тұрғын орындар салыну керек. Соңғы 9 ай iшiнде 1768 шаршы метр қолданысқа енгiзiлдi, өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда, 1700 шаршы метр. Тұрғын үй салынуы 4 пайызға өстi.

Айта кету маңызды, аудан орталығы Талшықтан басқа елдi мекендерде тұрғын үйлер салынуда. 2016 жылы Қазан мен Қулыкөл ауылдары, ал 2017 жылы Бостандық, Дәуiт және Қызылту ауылдарында баспаналар тұрғызылды. Алқатерек елiнде тағы да бiр үй салынып жатыр.

Жылдың аяғына дейiн өз қаржысына «СХП Сарыбай Инвест» ЖШС 12 пәтерлi екi қабатты үйдi жөндеп, қолданысқа берудi жоспарлап отыр. Оған барлық инфрақұрылымдар және газбен от жағу қондырғысы орнатылады.

2018-2019 жылдары тұрғын үй жағдайын жақсарту үшiн есепте тұрған Талшық ауылының тұрғындарына жалпы көлемi 2765 шаршы метр 5 қабатты көппәтерлi үй салынбақ. Ол үшiн мемлекеттiк сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттамалар әзiрлендi. Және де Талшық ауылында инфрақұрылымы жеткiзiлген 10 бiр пәтерлi үйге сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

2018 жылы республикалық бюджеттен қаржы құралдарын бөлгiзу үшiн бұл жобалар облысқа ұсынылатын болады.

Аманжол Салықов,
аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы
бөлiмi басшысының м.а.

Дата публикации
30 ноября 2023
Дата обновления
30 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
12 мая 2026
2026 жылғы 1 маусым мен 30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Газет
17 февраля 2026
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру туралы мемлекеттік қызметті алу ережелері
Ақпарат
25 сентября 2025
Көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы