"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

 

          "СҚО, Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2025 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрі көрсетілді:

  1. "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" - Е-лицензиялау порталы арқылы электрондық түрде.
  2. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" - Е-лицензиялау порталы арқылы электрондық түрде.
  3. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" - электрондық түрде Е-лицензиялау порталы арқылы.
  4. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы, қағаз түрінде/ішінара электрондық түрде.
  5. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" - электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде.
  6. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» - электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде.

 

          2024 жылы 150 мемлекеттік қызмет көрсетілді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз нысанда 58 қызмет тегін көрсетілді, ЭҮП арқылы 92 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болған жоқ.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған.

          Қызметтер ҚР "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

            Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2024 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Тұрғындарды ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсыну мақсатында бөліммен келесі іс-шаралар өткізілді: әлеуметтік желілерде 5 тікелей эфирлер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша 2 онлайн – жәрмеңке жарияланған. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация ғимаратында 2 азаматтарды қабылдау өткізілді. Ақпараттық іс-шаралармен 995 адам қамтылды.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

          2024 жыл ішінде "СҚО Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-не шағымдар түскен жоқ.

 

                                                                                                        

 

            Бөлім басшысы Ж. Еслямбеков

Дата публикации
04 марта 2025