2026 жылға арналған облыстық бюджеттен Ащыкөл (60 806 мың теңге), Восходское (78 167 мың теңге), Майское (67 809 мың теңге) және Үлгілі (49 700 мың теңге) ауылдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға жалпы сомасы 256 482 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар 10 кВ және 0,4 кВ әуе электр желілерін, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станцияларды (КТПН) салуды қамтиды. Мердігермен, сондай-ақ жобалық және техникалық қадағалау қызметтерін көрсетушілермен 2026–2027 жылдарға арналған екі жылдық шарттар жасалды. Бас мердігер – «BEAR Engineering» ЖШС (Петропавл қ.). Бөлінген қаражат есебінен 2026 жылға жоспарланған құрылыс-монтаждау жұмыстары толық орындалды.
Сонымен қатар, 2025 жылы «Ақжарқын, Алқатерек, Горьковское, Кіші-Қараой және Құлыкөл ауылдарында 10 кВ және 0,4 кВ әуе электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды (КТПН) салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама сараптаманың қорытындысымен әзірленді. Қаржыландырудың болмауына байланысты биыл осы бес ауылда электр желілерін салуға арналған тендер жарияланған жоқ. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ жобалау және техникалық қадағалау қызметтерін қамтитын бес жобаның жалпы құны 1 408 345 497,28 теңгені (ҚҚС-пен бірге) құрайды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы құны 8,2 миллиард теңге болатын «Ленинградская – Талшық – Кішкенекөл» 110 кВ электр беру желісінің тұйықтамасын салу жөніндегі екі жылдық жобаны жүзеге асыруда.
Булаев тобының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту (4-кезең) аясында Восходское, Баймырза, Горковское, Ұялы және Майское ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз ететін су құбырлары мен тармақтарының құрылысы аяқталып, Бостандық ауылында сорғы станциясы салынды. Жобаның бас мердігері «Гидропром» ЖШС (Екібастұз қ.) болды, жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын жобаның құны 7,4 миллиард теңгені құрады, ал тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстары комитеті.
Булаев топтық сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жобасымен құбыржолдар мен тармақтарды салынуына байланысты, аудан «Баймырза, Восходское, Горковское, Ұялы және Майское ауылдарында сумен жабдықтау нысандарын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама сараптама қорытындысымен әзірленді, осы жобалардың жалпы құны 1 472 393 482 теңгені құрайды.