2026 жылғы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісіне жыл сайынғы зерттеу жүргізді. Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Деректерге қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары кіреді.
Іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 378,6 мың адамды құрады. Оның ішінде ерлердің үлесі – 48,1% (1 626,4 мың адам), ал әйелдер – 51,9% (1 752,2 мың адам) құрады..png)
2026 жылы қызметкерлердің жалақы мөлшері бойынша бөлінісінде жоғары жалақы санаттарына ауысу үрдісі жалғасты.
Жалақысы:
- 100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді (-1,0 п.т.);
- 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 43,0%-дан 39,3%-ға дейін төмендеді (-3,7 п.т.);
- 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға дейін өсті (+4,7 п.т.).
2026 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша бірқатар кәсіптер топтарында орташа айлық атаулы жалақы мөлшері өсті. 2025 жылмен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да сабақтас кәсіптердің жұмысшыларында (13,1%), сондай-ақ өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде (10,4%) тіркелді./.png)
Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін қоса алғанда, барлық кәсіптік топтарда атаулы жалақының оң динамикасы байқалды.
Жекелеген кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақы
2026 жылы қызметкерлердің орташа айлық есептелген жалақысы атқаратын кәсібі мен лауазымына қарай ерекшеленді. Ұйым басшыларының орташа айлық жалақысы 1 101,1 мың теңгені құрады.
Инженерлік-техникалық мамандар арасында инженерлердің жалақысы 702,0 мың теңгені, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлердің жалақысы 645,0 мың теңгені, инженер-технологтардың жалақысы 617,0 мың теңгені, инженер-энергетиктердің жалақысы 615,1 мың теңгені, ал техниктердің жалақысы 314,7 мың теңгені құрады.
Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 491,4 мың теңгені, фармацевтердің жалақысы 347,7 мың теңгені, фельдшерлердің жалақысы 313,6 мың теңгені, мейіргерлердің жалақысы 264,6 мың теңгені құрады.
Басқа кәсіптер арасында бухгалтерлердің орташа айлық жалақысы 398,6 мың теңгені, автомобиль жүргізушілерінің жалақысы 328,1 мың теңгені, аспаздардың жалақысы 192,6 мың теңгені, күзетшілердің жалақысы 174,2 мың теңгені құрады.
Көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасы
Көрсеткіштер жыл сайын 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша жүргізілетін зерттеу негізінде қалыптастырылады.
Зерттеуге есепті жылдың сәуір айында толығымен жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады. сәуір айын толық жұмыс істеген қызметкерлер енгізіледі. Есепті айда жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер есепке алынбайды.
Халықаралық ұсынымдарға сәйкес маусымдық сыйлықақылар мен еңбек демалысына байланысты төлемдердің әсерін барынша азайту мақсатында есепті ай ретінде сәуір айы таңдалған.
2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн. теңгені құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті.
Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.
2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді.
ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.
2026 жылғы қыркүйек айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелген. 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда (35 807) мәмілелер саны 1,1%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 248 – 20,5%) және Астана (6 119 – 17,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 540 – 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 280 мәміле (0,8%) тіркелген.
2026 жылғы тамызбен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Түркістан (24,8%)Жамбыл (13,3%) және Жетісу (12,1%) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Қостанай (-10,2%), Қарағанды (-10,1%) облыстарында және Алматы (-5,7%) қаласында орын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы тамыздағы айымен салыстырғанда 2,2% (623 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың қыркүйек айында пәтерлер бойынша барлығы 27 096 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,5%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,8%), Астана (22,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 10 434 мәміле.
2026 жылғы тамызбен салыстырғанда қыркүйекте жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 2,7% (222 мәмілеге) көбейдіҚыркүйек айында барлығы 8 310 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Ақтөбе (22,4%), Түркістан (18,3%) және Шығыс Қазақстан (16,6%) облыстарында тіркелді. Ең жоғарғы төмендеу Қарағанды (-12,5%), Ұлытау (-10,9%) және Павлодар (-9,2%) облысында байқалды.
2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 14,3% азайды (41 313нен 35 406 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан (+24,7%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Астана (-29,2%) қаласында. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 5,6% төмендеді.
.png)
.png)
«Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының II легі аясында «Деректер – аналитиканың негізі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев ресми статистикалық ақпаратты өндіру үдерісі туралы баяндама жасады.
Шара барысында ресми статистикалық ақпаратты қалыптастырудың негізгі кезеңдері, бастапқы деректерді жинау және өңдеу тәртібі, деректердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ статистикалық ақпаратты талдау және пайдаланушыларға тарату бағыттары таныстырылды.
Сонымен қатар, әкімшілік деректерді пайдалану, цифрлық технологияларды енгізу және ақпаратты талдамалық мақсаттарда тиімді қолдану мәселелеріне назар аударылды. Статистикалық деректердің сапасы мен сенімділігі негізделген талдамалық қорытындылар жасауға және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіні аталып өтті.
Семинар деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ресми статистиканың мүмкіндіктерімен танысуға және талдамалық қызметте статистикалық ақпаратты қолдану жөніндегі білімді кеңейтуге бағытталды.
2026 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады.
Апта ішінде пияздың бағасы 4%-ға, қант 2,6%-ға, алма 1,8%-ға, картоп 1%-ға, сәбіз 0,8%-ға, балық 0,3%-ға арзандады. Сондай-ақ қаймақ, ет фаршы және күріш бағасы 0,2%-ға төмендеді.
Есепті аптада ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Атырауда 0,3%-ға, Түркістан мен Ақтауда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында бағалар өткен аптадағы деңгейде сақталды.
Еліміз бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 133 теңгені құрады. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркелді, килограмы 108 теңге.
Республика бойынша қанттың орташа бағасы килограмына 435 теңге болды. Ең төмен баға Ақтөбеде тіркелді, килограмы 368 теңге.
Алманың орташа бағасы республика бойынша килограмына 699 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте байқалды, килограмы 494 теңге.
Қиярдың орташа республикалық бағасы килограмына 536 теңге болды. Ең төмен бағалар Түркістанда және Таразда тіркелді. Түркістанда қиярдың килограмы 346 теңге, Таразда 414 теңге болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.
*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.
Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігінің (MODS) Статистикалық қызмет бюросының бас директоры Янг Чжэ Ву алғаш рет ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында болды.
Кездесудің негізгі тақырыптары – ресми статистиканы цифрлық трансформациялау, жасанды интеллектіні қолдану, әкімшілік және баламалы деректерді пайдалану, сондай-ақ 2027 жылдан кейін Қазақстанның статистика жүйесін дамыту мәселелері болды.
Бұл сапар 14 қыркүйекте Тэджон қаласында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болды. Сол кезде Қазақстан мен Корея Республикасы деректер және статистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
«Біз үшін Меморандум – ең алдымен практикалық құрал. Қазір біздің міндетіміз - қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты бірлескен жобаларға, білім мен сараптамалық тәжірибе алмасуға айналдыру», – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі Корея Республикасының статистика жүйесін трансформациялау және заманауи технологияларды енгізу тәжірибесі болды. Тараптар жасанды интеллектіні, үлкен және баламалы деректерді, әкімшілік дереккөздер мен микродеректерді қолдану, ақпараттық жүйелерді дамыту, сондай-ақ статистикалық және геокеңістіктік ақпаратты интеграциялау мәселелерін талқылады.
Қазақстан үшін бұл шешімдерді статистиканың сапасы мен жеделдігін арттыру, респонденттерге түсетін жүктемені азайту, сондай-ақ деректерді мемлекет, бизнес және азаматтардың пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту тұрғысынан практикалық қолдану ерекше қызығушылық тудырады.
Қазақстан тарапы Корея делегациясына ұлттық статистика жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер мен оны дамытудың перспективалық бағыттарын таныстырды.
«Біз қазірдің өзінде жақын перспективаны ескеруіміз қажет. Жасанды интеллект пен жаңа дереккөздер статистика органдары жұмысының моделін жылдам өзгертуде. Сондықтан дамудың келесі кезеңін айқындау кезінде Корея Республикасы сияқты елдердің практикалық тәжірибесі біз үшін аса маңызды», - деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Меморандумның негізгі ережелерін нақты жұмыс бастамаларына айналдыруға уағдаласты. Ынтымақтастық сараптамалық консультациялар, техникалық кездесулер, тәжірибе алмасу және статистиканы цифрлық трансформациялаудың жекелеген бағыттарын бірлесіп пысықтауды қамтиды.
Осылайша, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың келесі кезеңі деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін практикалық енгізуге және ресми статистиканың технологиялық негізін дамытуға бағытталатын болады.
Анықтама: 2026 жылғы 14 қыркүйекте Тэджон қаласында Қазақстан Ұлттық статистика бюросы мен Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігі деректер және статистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум тәжірибе алмасуды және сараптамалық өзара іс-қимылды дамытуды көздейді.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құрады.
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріштің ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты.
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға өсті. Сыртқы нарықтарға жеткізу көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Негізгі экспорт бағыттары Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.
Күріш экспортының көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш импорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді. Импорттық жеткізілімдер көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін, ал құны 9,0 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды. Негізгі жеткізуші елдер қатарында Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан.
Астанада «Ұлттық статистикалық жүйелерді дамыту: халықаралық стандарттар және технологиялық сын-қатерлер» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараны ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Азия даму банкінің қолдауымен ұйымдастырды.
Ауқымды шараға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Статистика және деректер дирекциясының директоры, бас статистигі Стив Макфили, ЭЫДҰ Жаһандық қатынастар бөлімінің басшысы Жюльен Дюпон, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің елдік директоры Утсав Кумар, Корея Республикасы Деректер және статистика министрлігінің Статистика қызметі бюросының бас директоры Янг Чжэ Ву, Эстонияның «Positium» компаниясының бас директоры Гертту Пилсас, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық және жергілікті ұйымдардың басшылары қатысты.
Қатысушылар ресми статистиканың халықаралық стандарттарын, деректердің жаңа көздерін, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен басқа елдердің заманауи статистикалық жүйелерін дамыту тәжірибесі де сөз болды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов өз сөзінде Қазақстанда статистиканы одан әрі жаңғырту үшін қажетті негіз қалыптасқанын атап өтті. Соңғы жылдары деректерді жинау мен өңдеудің цифрлық мүмкіндіктері кеңейіп, мемлекеттік органдармен және бизнеспен ақпарат алмасу жақсарды, деректердің жаңа көздері енгізілді.
«Біздің келесі мақсатымыз – түрлі дереккөздерден алынған ақпарат өзара үйлестірілген, сапа жүйелі түрде бағаланатын, ал заманауи технологиялар қажетті нәтижелерді жедел алуға мүмкіндік беретін заманауи статистикалық жүйені одан әрі дамыту», – деді Олжас Төлеуов.
Дәл осы жүйені одан әрі дамыту және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету панельдік сессияның негізгі тақырыптарының бірі болды. Іс-шараның маңызды бөлігі 2023-2025 жылдар аралығында ЭЫДҰ сарапшылары жүргізген Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген тереңдетілген шолу нәтижелерінің таныстырылымы болды.
ЭЫДҰ сарапшылары шолу қорытындысында Қазақстанның ресми статистикасының даму деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Көптеген бағыттар бойынша статистика сапаның негізгі өлшемдері, атап айтқанда деректердің дәлдігі мен анықтығы, үйлесімділігі, халықаралық стандарттарға сәйкестігі, қамтылуы, өзектілігі, уақтылылығы және қолжетімділігі тұрғысынан озық тәжірибелерге іс жүзінде толық сәйкес келеді.
Сондай-ақ Қазақстанның статистикалық тіркелімдерді дамыту, әкімшілік және баламалы деректерді пайдалану, респонденттерге түсетін жүктемені азайту бағытындағы жұмысы жоғары бағаланды. Қазақстан ТМД елдері арасында ЭЫДҰ-ның Сапалы статистикалық практика жөніндегі ұсынымына ресми түрде қосылған алғашқы ел болды.
«Біз үшін бұл – еліміздің бүкіл статистикалық жүйесіне жүргізілген маңызды сыртқы бағалау. Бүгінде көптеген бағыттар бойынша Қазақстан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелері мен саясаттарымен толық үйлесуге жақын. Сонымен қатар ЭЫДҰ бағалауын біз соңғы нәтиже ретінде қарастырмаймыз. Бұл таңдалған бағыттың дұрыс екенін көрсететін және реформалардың келесі кезеңіне бағдар беретін маңызды көрсеткіш», – деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Алдағы жұмыстың негізгі қағидаттарының бірі – деректерді бір рет жинау. Егер қажетті ақпарат мемлекеттік жүйелерде бар болса, оны бизнес пен азаматтардан қайта сұратудың қажеті жоқ. Бұл есептілік жүктемесін азайтып, қажетті көрсеткіштерді жедел алуға мүмкіндік береді.
Ұлттық статистика бюросы ақпараттың жаңа көздерін пайдалануды қазірдің өзінде қолға алды. Мысалы, фискалдық деректер операторларының ақпараты инфляцияны есептеу үшін, ал мобильді позициялау деректері туризм мен көші-қонды талдау үшін қолданылады.
Жасанды интеллект те Бюро жұмысына кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазіргі уақытта пайдаланушыларға қолдау көрсету үшін чат-боттар іске қосылды. Алдағы уақытта жасанды интеллектіні статистикалық нысандарды толтыруға жәрдемдесу, деректерді тексеру, қателер мен ауытқуларды анықтау, ақпаратты өңдеу және талдамалық материалдар дайындау бағыттарында қолдану жоспарлануда.
Ұлттық статистика бюросы статистикалық ақпаратты пайдаланушылар үшін барынша қолайлы ету бағытында жұмыс жүргізуде. Деректер stat.gov.kz, ашық деректер, дашбордтар, «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесі, Smart Data Ukimet және API арқылы қолжетімді.
Технологиялардың дамуы ресми статистикаға қойылатын басты талапты өзгертпейді – деректер халықаралық деңгейде сапа және салыстырмалылық қағидаттарына сәйкес болуы тиіс. Бюро ЭЫДҰ-ның жоғары талаптары мен стандарттарына толық сәйкестікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Алдағы кезеңде Қазақстан жаңа дереккөздер мен заманауи технологияларды ескере отырып, ұлттық статистикалық жүйені одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік және өзге де қолжетімді дереккөздерден алынатын ақпаратты пайдалану кеңейтіліп, респонденттерге түсетін жүктеме азайтылады, сондай-ақ бірқатар процестер автоматтандырылады.
2026 жылғы 1–2 қазанда Астана қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирі өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің шешендік шеберлігін жетілдіруге және пікірталас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған турнирге 18 команда құрамында 50 мемлекеттік қызметші қатысты.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің атынан қатысқан Ұлттық статистика бюросының командасы алғашқы кезеңдегі үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Финалдық сайыстың қорытындысы бойынша Әлиман Ақмырза, Амангелді Фариза және Қуандық Бәйбек құрамындағы команда I орынды иеленіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Ұлттық статистика бюросының қызметкері Әлиман Ақмырза турнирдің «Үздік спикері» атанды.
1-2 қазанда Ереван қаласында ТМД Статистикалық комитеті мен Армения Республикасының Статистикалық комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Статистикадағы жаңа әдістер мен технологиялар» атты IV Халықаралық статистикалық форумы өтті.
Форум жұмысына ұлттық статистика қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты. Қатысушылар заманауи статистиканы дамыту, деректер сапасын арттыру, әкімшілік тіркелімдер мен үлкен деректерді пайдалану, сондай-ақ ресми статистикаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Тақырыптық сессиялар барысында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы статистика саласын цифрлық трансформациялау және заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Ұсынылған бағыттар ұлттық статистика қызметтері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Форум барысында ресми статистиканы одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Форумға қатысу Бюроға Қазақстанның статистика саласындағы цифрлық трансформация бағытындағы тәжірибесін таныстыруға, сондай-ақ деректер сапасын арттыру және статистикалық қызметке заманауи әдістер мен технологияларды енгізу мәселелері бойынша шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.