
Астанада Ұлттық статистика бюросы мен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлеріне арналған төрт күндік оқыту семинары өтті. Семинар 2025 жылы өтетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдерін қоса алғанда, 70-тен астам адам қатысты.
Семинар барысында ауыл шаруашылығы санағының негізгі аспектілері қаралды: халықаралық тәжірибе, құқықтық-нормативтік база, өткізу кезеңдері мен мерзімдері, санақ парақтарының құрылымы, санақ персоналының міндеттері, деректер жинау әдістері мен құралдары.
Цифрлық құралдарға ерекше назар аударылды: www.sanaq.gov.kz web-платформасы, мобильді қосымша және «Аудандық бөлу» автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ). Қатысушылар практикалық оқытудан өтіп, оқу платформасында қорытынды тест тапсырды.
Семинар алдағы ауыл шаруашылығы санағының сапалы әрі тиімді өтуін қамтамасыз ететін маңызды шараның бірі болды.