Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеубойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлікдеңгейі), 2020 жылғыIIтоқсанда 5,7%-дықұрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 пайыздық тармаққа жоғары.
2020 жылғыII тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (12,8%), Солтүстік Қазақстан (7,4%) және Жамбыл, Қызылорда (6,9%-дан) облыстарындабайқалды, ал ең төмені –Нұр-Сұлтанқаласында(1,4%) тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғыIIтоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,6 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге –5,6 есені құрады.
*2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №354 бірлескен бұйрығы).
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Мақшаева А. | Белоносова Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 92 62 | Тел. +77172 74 90 22 | Тел.+7717274 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті