2020 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 97,1% құрды

2020 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 97,1% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-тамызда 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 97,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7041,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,1% кем.

2020 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16868,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,4% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,5% кеміді, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс - 3,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу, ыствқ су беру және ауа баптауда – 1,9% артты. Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 2,4% кеміді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 2418,9 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 4,9% артты.

2020 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2375,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,5% артық.

2020 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 83,9% құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 376,5 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,1% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 85,6 млрд. ж-км құрап, 55,8% кеміді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,3% құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 89,5%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамыздағы бөлшек сауда көлемі 6808,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-тамыздағы көтерме сауда көлемі 14083,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 48747,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,7% азайды, соның ішінде экспорт – 28630,8 млн. АҚШ долларын (13,3% аз), импорт – 20116,4 млн. АҚШ долларын құрады (6,5% аз).

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 456697 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 448046 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 320320 құрады, оның ішінде 311961 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,3%, азық-түлік емес тауарларға – 3,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,9% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2020 жылғы шілдедегі халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 111867 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы шілдедегіге қарағанда 6,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9%-ке төмендеді.

2020 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211226 теңгені құрады.

ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы тамыздың соңына 219,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Г.Ғ. Төлеутаева Б.Ә. Тұрмағанбет Ә. Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 95 51 Тел. +77172 74 90 77 Тел.+7717274 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті