2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында 413962 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,5%-ға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3909,8 мың бірлікті құрады.1)
Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде 6270 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9096 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 26,9%-ға кеміді.2)
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 16 млрд. теңге сомасында 39400 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.3)
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А. Абильдаев | С. Қайырбекова | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 92 71 | Тел. +77172 74 93 36 | Тел.+7717274 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті