2020 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында инфляция 4,6% құрады

2020 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында инфляция 4,6% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы желтоқсанға) –7,3%, азық-түлік емес тауарларына–3,4%,ақылы қызметтерге 2% жоғарылады.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2020 жылғы тамыз

2020 жылғы қаңтар-тамыз 2019 жылғы қаңтар-тамызға

2020 жылғы

шілдеге

2019 жылғы  
желтоқсанға

2019 жылғы  тамызға

2015 жылғы 

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,1

4,6

7,0

34,8

6,6

Азық-түлік тауарлары

-0,2

7,3

10,9

44,4

10,2

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

3,4

5,5

37,7

5,4

Ақылы қызметтер

0,3

2,0

3,4

20,6

3,0

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға – 21,5%, картопқа – 21%, жемістерге – 18,4%, қой етіне – 12,9%, құмшекерге – 12,3%, ұнға – 12,1%, макарон өнімдеріне – 10,7%, сары майға – 9,9%, мәйекті ірімшікке – 9,3%, жылқы етіне – 9,1%, сиыр етіне – 8,1%, шайға – 7,8%, мұздатылған балыққа – 7,3%, шұжық өнімдеріне, шошқа етіне – 6,6%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 5,8%, пастерленген сүтке – 5,2%, нанға – 4,5%, сүзбеге 3,4% белгіленді. Темекі өнімдері – 10,8%, минералды және ас су – 8,9%, салқындатылған сусындар – 6,5%, алкогольді сусындар 6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 6,1%, жаңа жиналған көкөністерге – 4,6%, сөкке – 2,4%, күрішке 2% тіркелді.

Баға өсімідәрі-дәрмекке – 7,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 7,1%, тұрмыстық аспаптарға – 5%, құрылыс материалдарына – 4,9%, автомобильдерге – 4,7%, ноутбуктерге – 3,3%, кеңсе тауарларға 3,2%құрады.Бензин2,6%қымбаттады, ал дизель отыны3,2%арзандады.

Баға деңгейі жерлеу қызметтеріне – 5,7%, денсаулық сақтау қызметтеріне –4,3%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 3,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,5%өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2,2% жоғарылады. Қалалық көлікпен (такси) жол жүру ақысы – 6%, жолаушылардың темір жол көлігімен – 4,4% қымбаттады, ал әуе көлігімен –6,2%арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 5,5%, орталықтан жылытуға – 3,4%, кәрізге – 3,1%, суық суға 2,2% төмендеді, ал қоқыс шығаруға – 11,1%, электр энергиясына 3,5% өсті.

01092020-1каз.png

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Рашидов А.Р. ДемешеваТ.М. Алданңғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 95 36 Тел. +77172 74 90 57 Тел.+7717274 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті