
Бүгін Ұлттық статистика бюросында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық шеңберінде «Экономика» білім беру бағдарламасының тыңдаушыларына арналған көшпелі дәріс өтті.
Дәріске аталған білім беру бағдарламасында оқитын академия магистранттары мен докторанттары қатысты.
Шара аясында Тұтыну бағаларының индексі: есептеудің әдіснамасы мен негізгі кезеңдері туралы Баға статистикасы департаменті Баға салыстырулары басқармасының басшысы Меруерт Жарекеева дәріс оқыды. Сонымен бірге дәріс соңында баға статистикасы саласындағы эксперименталды зерттеулер талқыланды.
Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаментінің директоры Айнұр Досанова «Ұлттық статистика және тұрақты даму: БҰҰ мониторингіндегі статистикалық индикаторлардың рөлі» тақырыбында толыққанды мәлімет берді.
Шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар сарапшылардан өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.