
Жамбыл облысындағы әкімшілік деректерге қатысты ауылдық округтердің әкімдерімен кездесулер өткізіліп, мерзімді тексерулер аяқталды. Тексерістің мақсаты – Сарыкемер, Б.Момышұлы және Колқайнар ауылдық округтеріндегі үй шаруашылықтарының саны мен олардың аумақтарын, сондай-ақ мал басы мен үй шаруашылықтарындағы олардың нақты санын анықтау.
Бюро қызметкерлері аталған ауылдық округтерде 150-ден астам үй шаруашылығын аралап шықты.
Тексеру қорытындысы бойынша әкімдерге мерзімді тексерулер нәтижелері бойынша актілер тапсырылып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетілген ұсынымдар берілді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Жамбыл облысында әкімшілік деректерге қатысты осы тектес 28 мерзімді тексеру өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, Бюро қызметкерлері «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау», «Жинақталатын деректердің сапасы мен Бюроның цифрлық ведомствоға трансформациялануы» тақырыптарында оқу семинарын өткізді, оған әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.