
2024 жылы Бюро мен Дүниежүзілік банк бірлесіп, мемлекеттік сектордың деректерді тиімді пайдалану арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы әлеуетін арттыруға бағытталған модульдік курс әзірлеп, іске қосты. Қазіргі таңда Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының 30 қызметкері курсты сәтті аяқтап, сертификат алды.
Курс 4 модульден тұрады және теориялық бөліммен қатар практикалық тапсырмаларды және кіріс пен шығыс сауалнамаларын қамтиды. Оқу «Экономикалық даму үшін тиімді басқару» (EGED) бағдарламасы шеңберінде әзірленген, ол Дүниежүзілік банк тарапынан Орталық Азия елдерінде Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің (FCDO) қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Курс Бюроның оқыту платформасында қолжетімді, мұнда мемлекеттік қызметкерлер кез келген уақытта оқудан өте алады. Оқыту 6 тілде қолжетімді: қазақ, орыс, ағылшын, тәжік, қырғыз және өзбек тілдерінде. Алдағы уақытта Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметкерлері де осы бағдарлама бойынша оқуды бастайды деп күтілуде.
Курстың ерекшелігі – қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағанын растайтын сертификат беріледі.
EGED бағдарламасы туралы: «Экономикалық даму үшін тиімді басқару» (EGED) бағдарламасы Дүниежүзілік банк тарапынан Орталық Азия елдерінде 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – басқарудың тиімділігін арттыру, шешім қабылдау үшін деректердің пайдаланылуын жақсарту және өңірдегі тұрақты экономикалық дамуды қолдау.