
«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-қарашада өткен жылдың тиісті кезеңіне 108,2% құрады (2023 жылғы қаңтар-қарашада – 111,3%).
Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 67,6% құрайды, бөлшек сауданың үлес салмағы – 32%.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-қарашада 19 486 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 9,3% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 12 670,4 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,3% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі – 32,4%, азық-түлік жатпайтын тауарлардікі – 67,6%.
2024 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 722,9 млрд теңгені, сауда күндерінде 67 күнді құрады (2023 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі 1 563,3 млрд теңгені, сауда күндерінде 65 күн болды).
2024 жылғы қаңтар-қарашадағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (33,5%), Астана қалаларына (13,1%), Қарағанды (7,5%) және Шығыс Қазақстан (5,5%) облыстарына келеді.
.png)
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-қарашада 41 222 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 107,6% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (82%).
2024 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 221 млрд теңгені, сауда күндерінде 37 күнді құрады (2023 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1740,3 млрд. теңгені, сауда күндерінде 40 күнді құрады).
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2024 жылғы қаңтар-қарашада Алматы (36,8%), Астана қалаларына (16,9%), Атырау (13,9%) және Қарағанды облыстарына (6,3%) тиесілі.
.png)