Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2024 жылғы қарашада тұтыну бағаларының айлық индексі алдыңғы айдағыдай 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 0,7% жоғарылады.

Азық-түліктен қияр бағасы – 40,3%, қызанақ – 37,3%, тәтті бұрыш – 15,5%, басты пияз – 13,9%, сарымсақ – 10,1%, қырыққабат – 8,9%, картоп – 6,2%, апельсин – 4,8%, лимон – 4,1%, күнбағыс майы 4% өсті. Бағаның төмендеуі күрішке – 2%, қантқа – 1,9%, алмаға 0,7% байқалды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 11,4%, электр энергиясына – 3,4%, қоқыс шығаруға – 2,2%, орталықтан жылытуға 2,1% жоғарылады. Шинамонтаж қызметтері 3%, монша қызметтері – 2,6%, шаштараз бен сұлулық салондарының қызметтері 1,2% қымбаттады.

Ағымдағы жылдың қараша айында бағаның өсуі отынға – 1,4%, тас көмірге 1% байқалды. Смартфон – 9,8%, алтыннан жасалған неке жүзігі – 6,2%, киім және аяқкиім 0,9% қымбаттады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы қаласында 0,4% тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Шымкент қаласында – 2%, азық-түлік емес тауарларына – Маңғыстау облысында 2,3%, ақылы қызметтерге – Алматы облысында 2,6% өсті.





2024 жылғы қарашада жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 13,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% жоғарылады.

2023 жылғы қарашасымен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,1%, су бұруға – 25,7%, электр энергиясына, ыстық суға – 21,7%-дан, орталықтан жылытуға – 17,5%, қоқыс шығаруға 10,3% жоғарылады. Теміржол билеттері 24,5%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру – 22,3%, стоматология қызметтері 12,8% қымбаттады. Ноутбуктың бағасы – 65%, ас үй пеші 40,8% өсті. Бағаның өсуі ацетилсалицил қышқылына – 27,6%, канефронға – 24%, корвалолға – 21,9%, ацикловирге 19,6% байқалды. Картоп – 28,2%, қияр – 25,9%, қызанақ – 25,5%, зәйтүн майы – 23,3%, тәтті бұрыш – 19,8%, сарымсақ 18,4% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 21,6%, сәбіз – 10,2%, лимон – 8,9%, қырыққабат – 8,5%, күнбағыс майы 5,3% арзандады.

 Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

 *2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.