ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ

«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді.

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылғы қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерде тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізетін болады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

Баспасөз қызметі: Басқарма басшысы: Мекенжай:
Алданңғарқызы Ә. Тұрмағанбет Б.Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел.+7717274 90 02 Тел.+7717274 90 77 Мәңгілік ел , 8
Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz   Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті