
Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы жеті айда (2020 жылғы шілде 2019 жылғы желтоқсанға) 12,2% төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде 24,3% төмендеуі, өңдеу өнеркәсібінде 1,7% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 13,8% арзандады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 4% қымбаттады.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
|
2020 жылғы шілде |
2020 жылғы |
||||
|
2020 жылғы маусымға |
2019 жылғы шілдеге |
2019 жылғы желтоқсанға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса |
7,2 |
-13,7 |
-12,2 |
35,9 |
-9,4 |
|
Өнеркәсіп өнімдері |
8,1 |
-15,5 |
-13,8 |
37,0 |
-10,7 |
|
Өндіріс құралдары |
-1,1 |
4,2 |
2,5 |
49,4 |
6,0 |
|
Аралық тұтыну өнімдері |
9,8 |
-19,5 |
-17,0 |
37,7 |
-13,6 |
|
Тұтыну тауарлары |
1,5 |
8,1 |
4,0 |
28,1 |
6,3 |
|
Өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер |
0,3 |
5,0 |
4,0 |
24,3 |
4,2 |
Өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мазутқа - 49,7%, сұйытылған пропан және бутанға - 33,7%, мұнайға - 31,6%, бензинге - 11,6%, дизель отынына - 10,1%, табиғи газға 1,9% төмендеді, металл кендеріне - 10,5%, көмірге 1% жоғарылады.
Бағаның мырышқа - 14,5%, қорғасынға - 9,9%, алюминийге 8,3% төмендеуі, олардың асыл металдарға - 12,5%, ферроқорытпаларға - 6,2%, қара металдар илегіне - 4,2%, мысқа 3,8% жоғарылауы байқалды.
Өндірушілер бағасының бидай ұнына және жармаларға - 10,5%-дан, қантқа - 9,2%, шайға - 6,9%, қара бидай ұнына - 6,5%, макарон өнімдеріне - 6,3%, сүт өнімдеріне - 5%, күрішке - 4,6%, нанға - 4,3%, өсімдік майына - 3,6%, мал етіне - 7,1%, құс етіне 1,9% жоғарылауы тіркелді.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Л. Шемякина | Т. Демешева | Алданңғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 33 | Тел. +77172 74 90 57 | Тел.+7717274 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті