
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша елдегі халықтың 63,5% (респонденттердің субъективті бағалауы бойынша) өз тұрмысына жалпы қанағаттанғанын көрсетті, бұл ретте қалаларға (58,4%) қарағанда ауылдық жерлерде қанағаттанғандар көбірек (72,6%).
Өткен жылғы зерттеумен салыстырғандаүй шаруашылықтарының тұрмысқа қанағаттанушылығы айтарлықтай жоғарылады (2019 жылы - 60%).
Респонденттердің 50,1% өз денсаулықтарымен қанағаттанған, 45,7% ішінара қанағаттанған.Бұл ретте, жасы ұлғайған сайын денсаулығына қанағаттанатындардың үлесі төмендейді және зейнеткер жастағы респонденттердің арасында15-17 жастағыларға қарағанда орташа алғанда қанағаттануы 2,8 есеге төмен.
Респонденттердің жартысынан астамы (62,5%) туыстарымен таныстарының моральдік қолдауына сенімді екендігін көрсетті,бұл ретте ерлер мен әйелдер моральдік қолдау көрсетілетініне бірдей пікірде болған(тиісінше63% және 62,1%).
Пікіртерім жүргізілген респонденттердің негізгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің ұсынылған тізбесінен жедел медициналық көмек көрсету орталықтарының көрсететін қызмет сапасына көбірек қанағаттанған–53,4%. Сонымен қатар, өткен жылғы зерттеудің қорытындыларымен салыстырғанда ағымдағы жылы полицияның көрсеткен қызметтерінің сапасына қанағаттанған респонденттердің үлесі 5 проценттік тармаққа артып, 43,2% - құрады.
Өздерінің қаржылық жағдайына респонденттердің қанағаттану деңгейі ағымдағы жылы 5,7 проценттік тармаққа артып, 41,6% құрады. Материалдық қамтамасыз етілу (ауқаттылық) деңгейі бойынша респонденттердің 63,3% өздерін қамтамасыз етілудің орташа деңгейіне жатқызды, 0,7% респонденттер өздерін қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне жатқызды және қамтамасыз етілудің төменгі деңгейін респонденттердің тек 0,3% көрсетті.
Зерттеу нәтижелері бойынша 21,5% респондентер өзінің тұрғын-үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанса, 40% - ішінара қанағаттанды, сонымен қатар сұралғандардың 28,9% үй беруде (тұрғын-үй жағдайын жақсартуда) мемлекеттің көмегіне қанағаттанатынын көрсетті.
Өзінің жарқын болашағы туралы 40% респондент оң көзқарасын білдірді, болашақта жақсаратынын
34% болжайды және респонденттердің тек 0,1% тұрмыстары нашарлай түседі деп ойлайды.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Әміржанова М. | Белоносова Н.Е. | Алданңғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 93 82 | Тел. +77172 74 90 22 | Тел.+7717274 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті