
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі статистика ардагері Татьяна Кузнецованы "Мемлекеттік қызмет ардагері" төсбелгісімен марапаттады.
Татьяна Кузнецова мемлекеттік қызметте 33 жылдан астам жұмыс істеді. Статистика органдарында 1981 жылдың қараша айынан бастап еңбек етіп, кеңседе, кадр қызметінде, мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінде түрлі лауазымдарды атқарды.
Татьяна Александровна қоғамдық өмірге белсенді қатысып, он жылдан астам уақыт учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы болып жұмыс істеді. Оның жауапкершілігі мен адалдығы әріптестеріне үлгі болды.
Қызмет барысында 2005 жылы "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медалімен, 2012 жылы ҚР Статистика агенттігінің "Статистика үздігі" төсбелгісімен және 2014 жылы "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен марапатталған.
Ұлттық статистика бюросының ұжымы Татьяна Александровнаны лайықты марапатымен құттықтайды.