
Ұлттық статистика бюросы статистика мамандығының беделін арттыруға және мемлекеттік статистикадағы кадр әлеуетін дамытуға бағытталған «Өзгеріс көшбасшылары» байқауының қорытындысын жариялады. Байқау талантты қызметкерлерді анықтау мен статистикалық қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Байқауға Орталық аппараттан да, аймақтық бөлімшелерден де бюро қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде жобаларды қорғауға 19 үміткер жіберілді, олардың әрқайсысы берілген тақырып бойынша өз жобаларын ұсынды. Іріктеу қорытындысы бойынша финалдық кезеңге 5 қатысушы өтті.
«Жобаның барлық қатысушысына танытқан белсенділіктері мен бастамалары үшін алғыс айтамыз. Бұл жұмыс шын мәнінде статистика қызметінің дамуына және жұмысымыздың сапасын арттыруға септігін тигізеді», – деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шәуенова.
Жобаны қорғау кезеңінің қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен бірінші орын Бюроның стратегиялық жоспарлау және әдістемелік үйлестіру бөлімінің сарапшысы Ақниет Сапарғалиға берілді, ол «Статистикалық деректердің сапасын жақсартуға арналған цифрлық құралдар» жобасын ұсынды.
Екінші орынды Ақмола облысы Қосшы қаласының жетекші маманы Құралбек Ақмоншақ «Жасанды интеллектті статистикалық мақсатта пайдалану» жобасымен жеңіп алды. Үшінші орын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауды автоматтандыру жобасын қорғаған Алматы қаласы бойынша Бюроның заң бөлімінің басшысы Мая Тасқынбаеваға бұйырды.
Айта кетейік, осыған дейін өткен «Өзгеріс көшбасшылары» байқауының өңірлік жеңімпаздары бүгінде Бюроның орталық аппаратында басшылық қызметтерді атқарып отыр.
Байқаудың барлық қатысушысы мен жеңімпазын құттықтай отырып, қызметіне табыс тілейміз.