Ұлттық статистика бюросында азық-түлік балансын құру және талдау саласындағы Қазақстанның әлеуетін дамыту бойынша техникалық қорытынды семинар өтті. Шара БҰҰ ФАО-мен бірлескен жоба аясында ұйымдастырылды.
Апта бойы Бюро қызметкерлері ФАО Статистика бөлімінің сарапшылары Ливия Ломбарди мен Ирина Коврова тренингіне қатысты. Қатысушылар R.Shiny пакеті арқылы әзірленген арнайы интерактивті қосымшада азық-түлік балансын құру дағдыларын жаттықтырды.
Бұл құрал теңгерімдерді құру процесін оңтайландыруға, аралық кестелерді қарауға және жүктеуге, сондай-ақ өнім түрлері, жылдар бойынша баланс элементтері арасында салыстырулар жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өнімнің энергетикалық құндылығын калориямен және құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар мөлшері бойынша есептеуге мүмкіндік береді.
Жоба қорытындысында Бюро қызметкерлері Ұлттық баяндама дайындайтын болады.