Руководитель Бюро встретился с главным экономистом Азиатского банка развития

Руководитель Бюро встретился с главным экономистом Азиатского банка развития

Ұлттық статистика бюросында Азия даму банкінің өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамында АДБ-дің Экономикалық зерттеулер мен даму департаментінің бас директоры, бас экономисі Альберт Фрэнсис Парк және департаменттің бас статистигі Махинтан Джозеф Мариасингхам болды.

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев қонақтарға Бюро жұмысы, ведомстводағы жүргізіліп жатқан трансформация, альтернативті дереккөздердің әлеуетін арттыру және әкімшілік дереккөздердегі деректердің сапасын көтеру үшін деректерді бақылаушылар институтын енгізу туралы айтып берді.

Делегаттар ауыл шаруашылығы секторындағы деректердің сенімділігін арттыру, деректер экожүйесін құру, статистикалық жинақтарды жариялау және басқа да аспектілер бойынша сұрақтар қойды. Кездесу нәтижесінде тараптар 2025-2027 жылдарға арналған өзара түсіністік меморандумын жасасу арқылы серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде келісті.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық статистика бюросы банкпен серіктестікті бірнеше жылдан бері жүргізіп келеді. Бұған дейін АДБ ресурстар бойынша деректерді қалыптастыруда техникалық көмек көрсетіп, көлеңкелі экономиканы бағалау әдістемесіне шолу жасап, Бюро қызметкерлерін визуалды аналитика бойынша оқытуға қолдау көрсеткен болатын.